СОӨЖ сабақтарында ұсынылатын тапсырмалар:

СОӨЖ сабақтарында ұсынылатын тапсырмалар:



СӨЖ тапсырмасы
Апта
3
С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Ә.Қоңыратбаевтардың әдеби тіл туралы жазған еңбектері бойынша конспект жазып келу. Қайшылықты көзқарастарға тоқталу.// Р.Сыздықова. А.Байтұрсынов (өмірі мен қызметі.- Кітапта: А.Байтұрсынов//Тіл тағлымы.-Алматы, 1992.

3-апта
4
Әуезов М. Қазақтың әдеби тілі туралы // Әдебиет және искусство. – 1951. - №4 (конспект)

4-апта
5
Н.Сауранбаев. Қазақтың әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы.-Кітапша: Проблемы каз.-го языкознания. Избранные труды.-Алма-ата, 1982.

5-апта
6
Ғ.Мұсабаев. Қазақ әдеби тілін дамытқан эпопея//Қазақтың тұңғыш эпопеясы.-Алматы, 1957.

6-апта
7
“ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (Алматы, 1982) кітабынан шешендік-дидактикалық толғауларда кездесетін ойды білдірудің аналогиялық тәсіліне мысал келтіріңіз. “ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (Алматы, 1982) кітабының 72-110-беттерінен дерексіз есімдерді теріп алыңыз. Қазақтың төл сөздерінен және кірме араб, парсы сөздерінен болған дерексіз атауларды жеке-жеке топтап, түбір сөздер мен туынды есімдерге ажыратыңыз. Сөз тудырушы жұрнақтардың қайсысы актив қолданылатынына назар аударыңыз.

7-апта
8
Дулаттың мына өлеңіндегі баяндауыштың қандай сөз-формадан жасалғанын табыңыз. Сөйлем түрін анықтаңыз.Дулат ақынның өлеңдерінде перифраздар мен жаңа фразеологиялық тіркестер бар-жоғына назар аударыңыз. Сөз тудырудағы нормалануды көрсетіңіз.

Махамбет поэзиясындағы жауынгерлік (жаугершілік) лексикаға жататын етістіктер мен есім сөздерді теріп алыңыз.Тұракты эпитеттермен келген қару-жарақ атауларын атаңыз. Махамбет өлеңдерінің әр жылғы басылымда­рын салыстыра қарап, фонетикалық, лексикалық, граммати­калық ауытқуларды табыңыз.

8-апта
9
Махамбет пен Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет жыраулардың тілінде кездесетін ұқсастықтарға мысал келтіріңіз, әдеби штамптарды қалай пайдаланғанын нақты мысалдар арқылы талдаңыз.

9-апта
10
Хатты оқи отырып, Б.Әбілқасымовтың пікіріне сай “көне қазақ әдеби тілінің” басты-басты тілдік белгілерін көрсетіңіз. Лексика-грамматикалық және фонетикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз. // Б. Әбілқасымов. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары.


10-апта
11
Абай қарасөздеріндегі публицистикалық стильге жататындарын атап беріңіз.
Қарасөздердегі дерексіз ұғым атауларын тауып, бұларды жасаудағы актив қолданылған қосымшаларды көрсетіңіз. Араб, парсы жұрнақтарын (-и, -ат, -ән) қабылдап, тұлғаланған сөздерді табыңыз. Абайдың қарасөздеріндегі -менен, -мен, -тұғын, -тын, -дайын, -дай тұлғаларының параллель қол­данылуына мысал келтіріңіз. Етістіктен есім тудыратын жұрнақтарды (-ғучы,-учі), -мыш (-ғанның орнына жүретін), т.б. түркілік элементтерді көрсетіңіз.Шылаулардың қолданысындағы параллелизмді тауып, мы­сал келтіріңіз.

11-апта
12
Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. – Алматы: Ғылым, 1968 (конспект)

12-апта
13
XІX ғасырдағы ресми іс-қагаздары стилін 14, 15, 16-жаттығуларымен салыстырыңыз. Лексика-грамматкиалық ерекшеліктерін атап-атап көрсетіңіз.
Бүгінті кездегі іс-қағаздары үлгілерімен салыстырыңыз.

13-апта
14
Ыбырай Алтынсарин еңбектерін лингвистикалық жағынан талдаған С.Хасанованың “Ыбырай Алтынса­рин шығармаларының тілі” атты еңбегімен танысу, тілдік ерекшеліктеріне филологиялық талдау жасау.


14-апта
15
Р.Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы. – Алматы, 2008. (Қазақ әдеби тіліне қатысты емлелік ерекшеліктерге конспект жазу).


15-апта
1-тапсырма. “ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (Алматы, 1982) кітабынан шешендік-дидактикалық толғауларда кездесетін ойды білдірудің аналогиялық тәсіліне мысал келтіріңіз.

2-тапсырма. “ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (Алматы, 1982) кітабының 72-110-беттерінен дерексіз есімдерді теріп алыңыз.
Қазақтың төл сөздерінен және кірме араб, парсы сөздерінен болған дерексіз атауларды жеке-жеке топтап, түбір сөздер мен туынды есімдерге ажыратыңыз.
Сөз тудырушы жұрнақтардың қайсысы актив қолданылатынына назар аударыңыз.

3-тапсырма. ХV-ХVІІ гғ. қазақ әдеби тілінде жаңа сөздер (неологизмдер) бар деп дәл айта алмауымыздың себебі неде деп ойлайсыз?
Образды сөздердің (қару-жарақ, ел-жұрт атаулары) тұрақты эпитетпен келуіне мысал келтіріңіз. Ғасырлар өткен сайын атаулардың эпитеттерсіз айтылуына назар аударып, тіл дамуының кейбір ерекшеліктері пайда болу­ын түсіндіруте тырысыңыз. Бұл тапсырманы орындау үшін 1-сызбаны толықтырған дүрыс. “ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (Алматы, 1982) кітабын пайдаланыңыз.

4-тапсырма. Жауынгерлік іс-әрекет, қимыл атаулары мен олар­дың орындалу амалын білдіретін етістіктер мен үстеулерді тауып, жасалу жолдарына тоқталыңыз.
Бұл сөздердің өзгеріссіз сақталып, бірнеше ғасырларға ортақ түрде қолданылға­нын айтыңыз.
Сызбаны үлгі етіп, сызба толтырыңыз. “ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (Алматы, 1982) кітабын пайдаланыңыз.

1
XV
XVІ
XVІІ
XVІІІ
І.
Балта
Ала балта суырысып, ТепсінісІп келгенде Тең атанып улы едің (Шалкиіз жырау)
Толғамалы ак балта Талдамалы ак балта Толғап ұстар күн қайда (Доспамбет жырау)
Айбалта Айбалтасы// алты нм ене н булагқан, Алафасын арттырып Аралап атты Кунатқан (Бұхар жырау)
Балта Осы аурудан, сірә, жан қалмас білем Балтасы тиген жері қанталады. (Тәтікара ақын)
2. Оқ
Сары жуы ок, тіз ок, ала білек ок, Кййың ок, жүнді оқ, егеуді ок... Кайрылып барып тез сынар Кастың октың жарқасы (Шалкиіз жырау)
Сайгеі ок, сақ етер Сақ етер тиді санына, Сарқыраш толды қаныма (Доспамбет жырау)
ок Булан да булан, булан сан, Буланның санын ок тесер (Ақтамберді жырау)
ок Бөсеитиін
Сырымбет 0к жіберіп ұрысты
3. Найза
найза
Саф арғымақ сайлаған, Най з асына жалау байлаған. (Шалкиіз жырау)
Ак найза Алта қулаш ак найза Үсьгнып шаншар кұн қайда? (Доспамбет жырау)
Жалаулы найза қоңыраулы найза. Қоңыраулы найза коліа алып; Жалауды найза жанға алып. (Ақтамберді жырау)
найза Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі ерейде ер Жабайды айт. (Тәтікара ақын)

5-тапсырма. Жыраулар тілінде кездесетін қарындас, ару, алаш, ел, жұрт сөздерінің шығу тегіне көне түркі сөздігі мен этимологиялық сөздіктерді пайдалана отырып, талдау жасаңыз.

6-тапсырма. Жыраулар поэзиясындағы құрамында ма­ғынасы күңгірттенген компоненттері бар фразеологизмдерге мысал келтіріңіз.

7-тапсырма. Мақсат реңкті етістіктің -уға формасының орнына -арға тұлғасының келуіне мысал келтіріңіз. Бұл қолданыс қай жырауда көп ұшырасады?
Септік жалғауларының қолданысындағы ерекшеліктерге мысал келтіріңіз.


8-тапсырма. Абай қарасөздеріндегі публицистикалық стильге жататындарын атап беріңіз.
Қарасөздердегі дерексіз ұғым атауларын тауып, бұларды жасаудағы актив қолданылған қосымшаларды көрсетіңіз.
Араб, парсы жұрнақтарын (-и, -ат, -ән) қабылдап, тұлғаланған сөздерді табыңыз.

9-тапсырма. Абайдың қарасөздеріндегі -менен, -мен, -тұғын, -тын, -дайын, -дай тұлғаларының параллель қол­данылуына мысал келтіріңіз.
Етістіктен есім тудыратын жұрнақтарды (-ғучы,-учі), -мыш (-ғанның орнына жүретін), т.б. түркілік элементтерді көрсетіңіз.
Шылаулардың қолданысындағы параллелизмді тауып, мы­сал келтіріңіз.

10-тапсырма. Ыбырай Алтынсарин еңбектерін лингвистикалық жағынан талдаған С. Хасанованың “Ыбырай Алтынса­рин шығармаларының тілі” атты еңбегімен танысу.


Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиет:

1.Әбілқасымов Б. XVІІІ-XІX ғасырлардағы қазақ әде­би тілінің жазба нұсқалары. — Алматы: Ғылым, 1988.
2.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормала­ры. — Алматы: Ғылым, 1984.
3.М.Мағауин. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. –Алматы: Ана тілі, 1992.
4.Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры және стилі. — Алматы: Ғылым, 1983.
5.Өмірәлиев Қ. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзия­сы. — Алматы,: Ғылым, 1982.
Қосымша әдебиет:

1.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. — Алма­ты,: Ана тілі, 1993.
2.Сыдиқов Қ. Ақын-жыраулар. — Алматы, 1974.
3.Бабатайұлы Д. — Алматы: Жазушы, 1991.
4.Бес ғасыр жырлайды. 1-2-томдары. — Алматы: Жа­зушы, 1989.
5. Момынова Б. Қазақ әдеби тілі тарихын зерттеу жүйесі.-Алматы:Қазақ университеті,2001.
6.ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы . - Алматы, 1982.