«Қазақ әдеби тілінің тарихы» Емтихан сұрақтары:

«Қазақ әдеби тілінің тарихы»

Емтихан сұрақтары:


1. Әдеби тіл туралы ұғым.
2. Қазақ әдеби тілі жайындағы пікірлер.
3. Қазақ әдеби тілінің даму тарихын дәуірлеу.
4. Қазақ әдеби тілінің қайнар көздері.
5. Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерге тармақталуы және әдеби тілдің проблемалық мәселелері.
6. Әдеби тілдің анықтамасы туралы ғалымдардың көзқарасарына тоқталу барысында әдеби тілге қатысты теориялық мәселелердің ғылыми әдебиеттердегі қамтылуына тоқталу; Ф. Соссюр, В.Виноградов, т.б. әдеби тілдегі қасиеттері, әдеби тілдің қайнар көздері, әдеби тіл нормасы жайлы, т.б.
7. ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақ дамуына қызмет еткен тілдің сипаттары – ХҮ-ХҮІІ ғғ, қазақтың ауызша дамыған төл әдебиетінің нұсқалары және олардың тілін зерттеуде кездесетін қиындықтар. Ауызша әдеби тілдің лексикалық-грамматикалық сипаты, ауыз әдебиетімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жіктеп көрсету.
8. Сөздік қордың нормалануы.
9. ХҮ-ХҮІІ ғғ. әдеби лексикасындағы көне сөздер, осы дәуір тілінің грамматикалық сипаты. Осы кезеңдегі қазақ поэзиясының стильдік-тілдік ерекшеліктері.
10. Жыраулар тілінің зерттелуі, сөздердің лексикалық топтары, жауынгерлік лексиканың қолданыс ерекшелігі.
11. ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақ жазба тілінің көрінісі.
12. Қ. Жалайырдың «Жами ат-тауарих» шежіресінің тілі, лексикасы, фразеологиясы зерттелуі көне жазбалар мен қазақ әдеби тілінің арасындағы тарихи сабақтастық пен жалғастық.
13. Көне қыпшақтық элементтерге талдау жүргізу.
14. ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақ әдеби тіл үлгілері.
15. Бұхар жырау – жыраулар мектебінің соңғы әрі, ірі өкілі, дәстүрлі жалғастырушы: Бұхар жыраудың жаңашылдығы, жырау тілінің тазалығы, көркемдеуіш элементтерді, тұрақты эпитеттердің қолданылуы.
16. Ақындар мектебінің әдеби тілдің қалыптасу барысындағы рөлі. Осы ғасырлардағы әдеби тілдің лексика-грамматикалық сипаты.
17. ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілінің нормалану мәселесі.
18. ХҮІІІ ғ. қазақ поэзиясы тіліндегі әдеби-көркемдеуіш тәсілдер: инверсияланған тіркестер, тұрақты тіркестер, белгілі сөздердің тек эпитетпен келуі, өлең құрылысының 7-8 буынды жыр өлшемімен келуі, сөздер мен сөз тіркестерінің жырдың ортасында, я басында не аяғында қайталанып келуі.
19. ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдеби тілге тән ерекшеліктер, функционалдық стильдік тармақтар туралы ерекшеліктер, қазақ елінің қоғамдық, экономикалық, мәдени өміріндегі түбегейлі өзгерістермен сабақтастығы.
20. ХІХ ғ. І жартысындағы поэзия жанры, көрнекті өкілдері және зар-заман ақындарының тіліне тән ерекшеліктер, жаңа әкімшілік атаулары, сауда терминдері оқу мәдениетке қатысты сөздер, орыс сөздерінің енуі.
21. Шортанбай тіліндегі діни лексика элементтері, грамматикалық нормалардың сөз қалыптастыру, сөз тудырудағы ерекшеліктер (терминология туралы).
22. Қазақ әдеби тілі үлгілері.
23. Махамбет үлгілерінің тілі.
24. Дулат ақынның тілі.
25. Махамбет өлеңдеріндегі қырқаулану, қабырғасын сөгу, адырнасын ала өгіздей мөңірету, т.б. қайталаулар, соны образдар жасаудағы ерекшеліктер
26. Қазақ әдеби тіл лексикасына орыс сөздерінің ене бастауы.
27. Араб-парсы сөздерінің қолданылуы.
28. Жаңа әкімшілік атаулары (тілмаш, малды қағаздату, қара шығын), сауда терминдері, сөздердің енуі. Параллель формалардың кездесуі, -сіз жалғаулы етістіктің көптік мағынада қолданылуы.
29. ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық сипаты.
30. Сөз тудыру тәсілдерінің нормалануы.
31. Грамматикалық формалардың қалыптасуы. -дай, (-дайын, -дүр), -ді; -тұғын, (-тын) параллельдері, кейбір септігі жалғауларының түсіріліп айтылды. -геш тұлғалы етістіктің норма саналуы.
32. Қазақтың ұлттық әдеби тілі.
33. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ поэзиясы тілінің дамуы, қисса жанры, оның тілі «Кітаби тіл», кітаби тілмен жазылған қиссалардың лексикалық, грамматикалық, емлелік ерекшеліктері. «Шығыстық мотиві» бар шығармалар туралы мәліметтер.
34. Аударма әдебиеттің шығыстық сюжетті қазақша сөйлетуі.
35. Ы.Алтынсариннің «Хрестоматиясы» – ғылыми стильді қалыптастырушы әдебиет.
36. Қоғамдық-публицистикалық стильдің пайда болуы.
37. Ғылыми-көпшілік стилі.
38. Ресми іс-қағаздар стилінің одан әрі дамуы.
39. Сөз мағынасы және аналитикалық тәсілдің қызметінің артуы.
40. Абай публицистикасы (3, 8, 22, 39, 41, 42 – қара сөздері), дерексіз атаулардың -лы, -шылық, -мақ, -мек жұрнақтары арқылы жасалу тілдік айналысқа түсуі.
41. Ресми іс-қағаздар стиліндегі канцеляризмдер, стандарттар, терминдердің контекст таңдап қолданыста түсуі.
42. Заң терминдерінің қазақша қалыптасуы.
43. Қазақ тілінің эпистолярлық стилі.
44. Аударманың пайда болуы, оның әдеби тілге тигізген әсері.
45. Эпистолярлық стильдің түркі жазба әдеби тілі негізіндегі хат жазу мәнерінің қалыптасқандығы. Эпистолярлық материалдарға шолу.
46. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы.
47. Ы.Алтынсариннің ұлттық жазба әдеби тілді дамытудағы рөлі, орны.
48. Алғашқы хрестоматия, оның маңызы, оқу құралының авторы ретіндегі орны, ерекшелігі.
49. Абай тіл - әдеби тіл дамуындағы жаңа белес.
50. Лексикалық құрамның толығуы мен нормалануы.
51. Абай шығармаларындағы «шығармашылық контекстің» анық көрінуі.
52. Абай фразеологизмдерінің қолданыс ерекшеліктері. -лық жұрнағының абстракт есім тудыруы қызметінің жандануы.