Қазақ әдеби тілінің тарихы пәнінен 8- аптаның емтихан сұрақт
Қазақ әдеби тілінің тарихы пәнінен 8- аптаның емтихан сұрақтары
№1 Әдеби тіл туралы ұғымға тоқталыңыз. Әдеби тіл жайындағы екі түрлі концепцияның негізгі ерекшелігі неде?
№2 Қазақ әдеби тілінің даму тарихын дәуірлеу мәселесімен айналысқан қандай ғалымдардың классификациясын білесіз? Жеке-жеке тоқталып, анализ жасаңыз.
Қазақ әдеби тілінің қайнар көздері мен ауызша арналарына не жатады?
№3 ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақтың ауызша дамыған төл әдебиетінің нұсқалары қандай? Олардың тілін зерттеуде кездесетін қиындықтарға тоқталыңыз.
№4 ХҮ-ХҮІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
№5 ХҮ-ХҮІІ ғғ. қазақ жазба әдеби тілінің көрінісі қандай? Себебін түсіндіріңіз.
Бұхар жыраудың жаңашылдығы неде? Жырау тілінің тазалығын не арқылы дәлелдеуге болады? Шығармаларындағы көркемдеуіш элементтердің, тұрақты эпитеттердің қолданылуына нақты мысалдар келтіріңіз.
№6 Ақындар мектебінің өкілдері кімдер? Ақындар мектебінің әдеби тілдің қалыптасу барысындағы рөлі қандай?
№7 ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдеби тілге тән қандай ерекшеліктерді білесіз? Функционалдық-стильдік тармақтар туралы не айтуға болады?
№8 ХІХ ғ. І жартысындағы поэзия жанрының негізгі ерекшеліктері қандай? Зар-заман ақындарының тіліне тән ерекшеліктерді атап көрсетіңіз.
№9 ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық сипаты қандай? Нақты тілдік бірліктер арқылы дәлелдеңіз.
№10 Қазақтың ұлттық әдеби тілі қай кезеңдерді қамтиды, оның лексика-грамматикалық сипаты қандай?
№11 Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастырудағы Абай шығармаларының орны туралы не айтасыз? Абай публицистикасы қазақ әдеби тілі функцоналдық стильдерінің қай түрін дамытуға үлесін қоса алды? Себебін түсіндіріңіз.
№12 Абай фразеологизмдерінің қолданыстық ерекшеліктерін көрсетіңіз, мысалдар келтіріңіз.
№13, Ауызша әдеби тілдің лексика-грамматикалық сипаты қандай? Ауыз әдебиетімен ұқсастықтарын және айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
Ескерткіштер тілі – ауызша және жазба әдеби тілдің бір арнасы бола алады ма? Себебін түсіндіріңіз.
№14 Қ. Жалайырдың «Жами ат-тауарих» шежіресінің тілдік ерекшеліктене тоқталыңыз. Лексикасы мен фразеологиясына тән негізгі белгілерді атап көрсетіңіз.
№15 ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тілдік сипаты қандай? Лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, талдаңыз.
№16 Дулат және Махамбет ақын шығармаларының әдеби тілге қосқан үлесі қандай? Негізгі ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
№17 Қазақ әдеби тіл лексикасына орыс сөздерінің ене бастауы қай кезеңдерді қамтиды? Араб-парсы сөздері қолданылуындағы негізгі ерекшеліктер қандай?
№18 Ұлттық қалыптасу дәуірінде қазақша ғылыми-көпшілік стильдің пайда болу ерекшеліктері қандай?
№19 Жазба әдеби тілдің қалыптасу барысындағы тіл тазалығы мен дәлдігі үшін жүргізілген күрес нәтижерелі туралы не білесіз? Себебін түсіндіріңіз.
№20 Ұлттық қалыптасу дәуірінде жазба әдеби тілдің лексикалық құрамы қалай толықты, оның нормалану жүйесі қандай болды? Мысалдар келтіріп, себебін түсіндіріңіз.
№21 Профессор С.Аманжолов, М.Балақаев, С.Исаев және Р.Сыздықовалардың қазақ әдеби тілінің тарихына қатысты жазған қандай ғылым еңбектерін білесіз. Ол еңбектерде қазақ әдеби тілінің қандай өзекті мәселелері орын алды. Себебін түсіндіріңіз.
№22 Қоғамдық-публицистикалық стиль қай кезеңде пайда болды? Қоғамдық-публицистикалық стильдің тілдік ерекшелітеріне талдау жасаңыз.
№23 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ поэзиясы тілі қалай дамыды? Осы кезеңдегі қисса жанры, оның тілдік көрінісі қандай? «Кітаби тіл», кітаби тілмен жазылған қиссалардың лексикалық, грамматикалық, емлелік ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.
№24 Әдеби тілдің анықтамасы туралы қандай ғалымдардың пікірлерін білесіз, талдау жасаңыз.
№25 Ауызша әдеби тілдің ауыз әдебиетімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жіктеп көрсетіңіз.
№26 ХҮ-ХҮІІ ғғ. әдеби тіл лексикасындағы көне сөздерге мысалдар келтіріңіз, талдау жасаңыз.
№27 ХҮІІІ ғ. қазақ поэзиясы тіліндегі әдеби-көркемдеуіш тәсілдер: инверсияланған тіркестер, тұрақты тіркестер, белгілі сөздердің тек эпитетпен келуі, өлең құрылысының 7-8 буынды жыр өлшемімен келуі, сөздер мен сөз тіркестерінің жырдың ортасында, я басында не аяғында қайталанып келуіне нақты мысалдар келтіріңіз.
№28 Көне қыпшақтық элементтер қандай шығармаларда кездеседі, мысалдар келтіріңіз.
№29 Бұхар жырау шығармашылығындағы көркемдеуіш элементтер мен тұрақты эпитеттердің қолданылуына мысалдар келтіріңіз.
№30 Жалайыридің “Жами' ат-тауарих” шежіресіндегі образды тұрақты тіркестердің қазіргі қазақ тілімен ұқсастығына мысал келтіріңіз.