Қазақ тілі білімінің жаңа ғасырдағы "жаңалығы"

Сіздерді қайдам, ал өзім дәл бүгінге дейін Қазақ тілінің жіктік жалғауына жаңа ғасыр жастарының жасаған "жаңалығын" естімей, білмей келгеніме "қатты ұялдым". Бұл сөзді алғаш естігенімде расында онша мән бермегенмін. Шала естіп қалған шығармын дедім де, қоя салдым. Бірақ құлаққа түрпідей естілетін сол сөзді қайта естігенімде өз құлағыма өзім сене алмадым. Соншама жасырып отырғаны не сөз болды екен дерсіз. Асықпаңыз,сіздер Қазақ тіліндегі төрт жалғаудың біреуі ЖІКТІК жалғауы деп аталатыны туралы оқығаныңыз кеше еді ғой. Олай болса бірігіп "отыр" сөзін жіктеп көрелік.

жекеше:
Мен отырмын
Сен отырсың
Сіз отырсыз
Ол отыр

көпше:
Біз отырмыз
Сендер отырсыңдар
Сіздер отырсыздар
Олар отыр.
Міне, сіз бен біз куә болғандай, қазіргі мектеп оқушылары мен студенттердің, жалпы жастар арасында жиі қолданатын "отырық", "жүрік" етістіктерін кездестіре алмадық. Ал сізбен сіздің таныстарыңыз қалай сөйлеседі?

Ол енді арнайы енгізілген жаңалық, не өзгеріс емес, баяғыдан бар "жалпақ тіл" ғой, ауызекі тілде жүр: келятырмыз, баратырмын деген сияқты. Бірақ, мен өте қарсымын оған. Бұрын солай сөйлеп қалсақ, әкем інім екеумізге ескерту жасап, кейде жазалайтын! Қазіргі араласып жүрген ортам да, дос, туыстарым да кітап көрген адамдар, ондайды естімегелі көп болды! Сіз айтып отырған "түсініксіз жалғауға" көп жүгінетіндер - әдеби сауатсыздау адамдар шығар,,, Кітап оқыған адамның дәл солай сөйлемейтініне менің күмәнім жоқ!
Мен өз басы грамматикалық заңдылықтарды білемін. Тек ресмилік пен заңдылықтардан шаршағанда әлеуметтік желілерде қатемен сөйлескенді қалаймын. Агентте, фейсбук пен вконтактіде жастар сленгімен, жаронмен сөйлесіп, грамматикалық қатемен сөздерді қысқартып жазсам, ол менің сауатсыздығымды білдірмейді.
Ағылшыншада bеcause сөзін хат/хабарлама жазғанда cuz деп қысқартады, сөздің соңы эйт деп айтылатын болса, оны 8 санымен ауыстыра салады (эйт-сегіз деп аударылады), мысалы - sk8 (скэйт). Мұның бәрі дәл сол смс пен әлеуметтік желілерде пайдаланылатын сөздер ретінде қалыптаса бастаған-тұғын. Ал қазір (сорақысы) ол тілдің бөлшегі ретінде меңгеріледі, арнайы тақырып бар сондай ағылшыншада. Одан да сорақысы, туындылары мен әндерінде де кездесе бастады. (((

"Ақерке" әлеуметтік желілерде қатемен сөйлескенді қалаймын.

ондайыңды байқамай "жүрік қо" )
Мен өз басы грамматикалық заңдылықтарды білемін. Тек ресмилік пен заңдылықтардан шаршағанда әлеуметтік желілерде қатемен сөйлескенді қалаймын. Агентте, фейсбук пен вконтактіде жастар сленгімен, жаронмен сөйлесіп, грамматикалық қатемен сөздерді қысқартып жазсам, ол менің сауатсыздығымды білдірмейді.

Айналайын, Ақ-Ерке Әбілхан! Тіл заңдылықтарын біле тұра, ресмиліктен шаршағанда әлеуметтік желілерде «қате жазуды жаны қалау» дегенді қалай түсінеміз? «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол – ақынның білімсіз бейшарасы», деген ұлы Абайдың осы өлең жолдары тек ақындарға ғана арналған десек аңғалдық болар еді. Орыс шығыстанушы- түркологы П.М.Мелиоранский (1869-1906): «Қазақ тілі түркі тілдес халық тілдерінің ішіндегі ең тазасы әрі сұлуы» деген тұжырым жасаған екен. Сондықтан тіл тазалығына асқан жауапкершілікпен қарайық, айналайындар!
Ол енді арнайы енгізілген жаңалық, не өзгеріс емес, баяғыдан бар "жалпақ тіл" ғой, ауызекі тілде жүр: келятырмыз, баратырмын деген сияқты. Бірақ, мен өте қарсымын оған. Бұрын солай сөйлеп қалсақ, әкем інім екеумізге ескерту жасап, кейде жазалайтын! Қазіргі араласып жүрген ортам да, дос, туыстарым да кітап көрген адамдар, ондайды естімегелі көп болды! Сіз айтып отырған "түсініксіз жалғауға" көп жүгінетіндер - әдеби сауатсыздау адамдар шығар,,, Кітап оқыған адамның дәл солай сөйлемейтініне менің күмәнім жоқ!

Бізді жарға жығатын осы "жалпақтық" мінезіміз ғой, айналайындар! "Жалпақ тіл", "жалпақ шешейлікпен" жалпақтап жүріп қалай жаңылысқанымызды да сезбей қалатын "жарқын" мінезіміз-ай, шіркін!