Сырттай оқу түрі бойынша сұрақ
Менің бір танысым 11 сынып бітіргеннен кейін, колледжде оқымады. Сонда да университеттің сырттай оқу түріне қабылдана ма, жоқ па? Сырттай оқу 11 сынып білімімен қанша уақыт болады? Әлде міндетті түрле колледж оқу керек пе? Міндетті түрде ҰБТ тапсырған сертификат болуы керек дегенді естігем, естігенім дұрыс болса, ҰБТ-ны қай жерден тапсыру керек? Сырттай оқудың ақылы бөлімі қанша тұрады? Осы сұрақтарды білетін адам бар ма?
менің білуімше оқи алады, оқу орнына барып тест тапсырады, сол бойынша қабылданады. Сырттай бөлімге қабылдау 20- сыншы қыркүйекке дейін жалғасады, оқу ақысы таңдаған мамандық бойынша, яғни әрқайсысында әр түрлі
ҰБТ тапсырған сертификат ұбт тапсырған соң 1 жыл ғана жарайды, сіздің танысыңыз мектеп бітірген аттестатымен барса сол жақтан тест тапсырады ғой
Сырттай оқуоқып көрген адам бар ма?
оқи алады