ЖОО санын таяу жылдарда екі ес еге дейін қысқартпақ

Қазақстанда аса маңызы үш сала жедел оңтайландыруды қажет етіп келген еді. Бірінішісі- әлі де міз бақпай, сіресіп келе жатқан ұлт болашағы денсаулығының сақшысы болады деген денсаулық сақтау саласы. Екіншіде- өткен жылдан бастап аттестатциялау арқылы жаппай тазартуды бастаған тыныштық сақшылары, құқық қорғау саласы. Ал соңғысы әрине тоқсаныншы жылдары жасалған оңтайландырудан оңбай опық жеген оқу жүйесі, яғни білім саласы. ЖОО-ын қысқарту күн талабы. Заманауи жарақтармен толық жабдықталмағаны былай тұрсын, дені дұрыс оқу корпусы да жоқ, кадрлар мәселесін айтпағанда, ғылыми базасы да жоқ ЖОО қандай білім беріп, қандай білікті маман даярлай алады? Бұл бір. Екінші жағынан студенттер білім үшін емес, баға үшін оқуға барып жүр (егер барып жүрсе ғана). Әйтпесе бағаны, сынақтар мен емтиханды сатып ала салады. Тіпті болмаса, ЖОО-ның дипломын сатып ала салу да қиын болмай қалды ғой. Нәтижесінде білімсіз де, біліксіз жастарды тәрбиеледік. Бүгінгі ақша беріп оқу тамамдаған ұрпақтың ертеңгі күні сол жұмсалған қыруар қаражатын пара алу арқылы қайтарып алуға ниеттенбесіне кім кепіл? Қысқасы, бәрекелді, дейік! Иншалла, алдағы күндерде тек қана мүйіздері қарағайдай, аттарынан ат үркердей беделді-беделді деген ірі ЖОО-ның ғана ұрпақ тәрбиелеуіне куә болайық, ағайын!

Әрине өте дұрыс,Қазақстанның болашағы тек білімді жастардың ғана қолында емеспе,білімді сатып алып өзіміздіде халқымыздыда алдамайық.
Бірақ нағыз білімім бола тұра ЖОО түсу үшін емтиханнан жинаған білім ұпайыма қарағанда 11 жыл бойы тірнектеп жиған ақшаңды көздейтін білім ошағына не деуге болады.Менің білімімді жетілдіріп елімді биіктендіруім үшін оқуға түсуім керек,ал оқуға қыруар ақша бермесең алмайд білімің болсада,осы сәтте қасыңда ойнап жүрген байдың баласы ақшаны ойланбай беріп оқып жатқанда қалай ішің ашымайды!
enduke Бақыткелді ұлы: Дұрыс айтасың, жарқыным. Сен секілді студенттер ғана емес (егер студент болсаң), орта мектептердің де оңып тұрғаны шамалы. Қарғыс атқыр ҰБТ қалай білім саласына енгізілді, солай білім саласындағы жемқорлық пен ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТІ (білім саласындағы) де ала келді. Жылда ҰБТ кезінде ҒБМ-нен шпион пайда болады да тест сұрақтары сатылады, жылда айғай-шу. Былтырғы жылы мектеп бітіруші түлектері ҰБТ-дан жүзден төмен емес балл жинаған өңір мектептерінің біреуінің де талапқа сай білім бере алмағандарын ет құлағыммен естідім. Бір мың бір жүз он жеті мектептің отыз жеті пайызы біздегі білім және ғылым стандарттарына сай жұмыс жасай алмай отыр екен. Неге? Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық. Бұл дегеніңіз осы саладағы реформа тек ЖОО-ның санын азайтумен шектелмеуі керек деген сөз.
Мен қазірге студент емеспін бұйыртса келесі жылы боламын Алла нәсіп етсе.11 сынып оқимын , сол ҰБТ - ның әлектерімен.
Дұрыс айтасыз,былтыр камераны қосып тексеру қатал болғанда ешкімде шпор аша алмай,өзгелерден ақшаға сатып алған адамдарынанда көмек келмей қалғанда нағыз білімдері көріндіғой.Біздің ауданнан 30 алтын белгі үміткері болса соның екеуі ғана қорғап қалды,әуелі 2 алған алтын белгі үміткері болды,сұмдық.Еліміздің ертеңі тек ақшамен парамен ғана дамымақпа сонда.Бәрінің ойы компютер,сотка мен агент т.б уақытты бос өлтіріп сананы улайтын құрғырлар.Өзімше болып өзгелерді даттап жағымсығаным емес бұл ащы шындық енді.
Сіз өзіңіз қай салада жұмыс жасайсыз? Айып етпесеңіз!
Мен қарапайым құрылысшымын. Бірақ көз алдымдағыны көре тұрып, көрмеген кейіп таныта алмайтындардың "руынанмын".