22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні!
Бұл мейрамды кім қалай тойлайды? Бөлісе отырайық, ағайын! ))
Маған Наурыз тойы мен Ауыл деген егіз ұғым сияқты болып көрінеді. Қалаға келгеніме 3 жыл болыпты, наурызды сезінген емеспін! Бұрын үйде керемет еді!!! Үйде наурыз көже жасайтынбыз, тәттілер пісіретінбіз, сосын қырдың астына үлкееен етіп жиын жасап, киіз үй тігіп, ойын-сауық, би, ән, ұйымдастыратынбыз! Өнер көрескендерге сыйлықтар берілетін, соны алып мәз болатынбыз. Сосын,.... Өмірімде ешкімге ұйқыашар беріп көрмеппін, Қаншама жылдан бері ниет етіп келемін, соған лайық бір жан болмады-ау....
бала кезімде ауылда 22 наурызда ат жарыс, тай жарыстар болатын. Жыл сайын тай, құнан жүгіртетінмін.
Аса бір тамаша өткізгенім есімде калмапты.Кей жылдарда үйде бәрі қонаққа кетед, үйде отырам.Бір жылдары бала кезімде біздің көшеде "наурыз көже" пісіріп, кереметтей болғанбыз.Жыл сайын орталықта тегін көже беред, алтыбақан. киіз үй жасалад.Ән-би болып думандатады. Ал биыл Жан досым классты үйіне шақырды.... сонда болам 22-сі күні..