Сіз таңертен ерте ояндыңыз. Керемет күлімдеп орныңыздан тұрдыңыз. Перде айқара ашып қалып әсем күнге, тыныштықтағы далаға тамсана көз салдыңыз! Әндете жүріп бөлмеңізді жиыстырып, үстінізді ретке келтіріп, бөлмеден шықтыңыз! Еш дыбыс жоқ. Бәрі ұйықтап жатыр ау деген оймен жуынатын бөлмеге бардыңыз. Жуынып-шайынып болып, "ана, әкешім сағат жеті болды" деп айқайладыңыз. Ешқандай дыбыс жоқ. Не болды деген оймен олардың бөлмесіне бардыңыз. Ешкім жоқ! Одан кейін далаға шығып қарадыңыз. Далада тірі адамның дыбысы білінбейді...
Мең-зең болып жүргенде жарты сағат өте шығыпты. Бұл уақытта бәрі абыр-сабыр болып, жұмысқа асығушы еді... Бүгін ешкім жоқ... Біраздан кейін әлемде жалғыз өзіңіз қалғаныңызды білдіңіз. Дәл сол уақытта не істейсіз, және сіздің айтқан сөзіңіз? Қызық болсын:)