- Негізгі бет
- Психология
- Зейінді арттыратын қарапайым...
Зейінді арттыратын қарапайым 3 әдіс
P. Lorenz‑Spreen, B. Mørch Mønsted, et al. Accelerating dynamics of collective attention / Nature Communications зерттеушілері жыл сайын адамдардың бір нәрсеге зейін қоюы, ойын жинақтауы әлсірейтінін айтады. Бұл кәсіби өмірге де, жеке өмірге де әсер етеді. lifehacker жазған зейінді арттыратын қарапайым 3 әдісті ұсынамыз.
Зейін қою проблемаларын қалай тануға болады?
Зейін қою деңгейін анықтау қиын емес. Интернетте сіз бірден бірнеше сынақтарды таба аласыз. Сондай-ақ, Schulte кестелерін пайдалануға болады. Олар әдетте жылдам оқу дағдыларын дамыту, санау және жадты жақсарту үшін пайдаланылады.
Келесі белгілер зейін қою проблемаларын көрсетуі мүмкін:
• Заттарды жиі ұмытып кету;
• Бір тапсырмаға кірісу ұзақ уақытты алу;
• Ойды жинақтай алмау;
• Басқа біреудің сөзіне мән бермеу.
Зейін қоюды қалай жақсартуға болады?
Өкінішке қарай, жылдам жол жоқ. Бірақ тұрақты жаттығулармен көмектесетін бірнеше әдістер бар.
1. Зейін жаттығуларын жасаңыз
Егер сіз мұны бұрын ешқашан жасамаған болсаңыз, 5-4-3-2-1 жаттығуы сияқты негізгі нәрселерден бастаңыз. Оның атауындағы сандар мынаны білдіреді:
5 - қасыңыздан көріп тұрған бес затқа назар аударыңыз;
4 - қол тигізуге болатын төрт нәрсені таңдаңыз;
3 - естіген үш дыбысқа назар аударыңыз;
2 - сізді қоршап тұрған екі иісті сезініңіз;
1 - дәмін татуға болатын бір нәрсені табыңыз.
Айналаңыздағы жағдайды жиі түзетуге тырысыңыз, жұмыс немесе үй кеңістігін зерттеуге уақыт бөліңіз. Мұндай шағын жаттығу сізді әлдеқайда мұқият етеді.
2. Белсенді түрде тыңдаңыз
Бұл әңгімелесушіңіздің не айтып жатқанын есту үшін саналы түрде күш салудан да көп нәрсені білдіреді. Алынған ақпаратты «ішкі өңдеуге» уақыт пен ақыл-ой қуатын жұмсау маңызды. Бұл тәсіл сонымен қатар зейінді арттыруға көмектеседі.
3. Үзіліс жасаңыз
Бұл біртүрлі естіледі, бірақ саналы үзілістер шоғырлануды жақсартады. Жұмыстан үзіліс жасаңыз, кеңседен кетіп, кофе даайындаңыз немесе 5-10 минут таза ауада дем алыңыз. Орыныңызға оралған кезде назарыңызды тапсырмаларға аудару оңайырақ болады және өнімділігіңіз айтарлықтай артады.
Т. Раушанұлы