- Негізгі бет
- Психология
- Зерттеуші: Терезені ашып...
Зерттеуші: Терезені ашып ұйықтауға болмайды
Бөлмені, үйді салқындатып ұйықтаған пайдалы. Бірақ түні бойы ашып қоюға болмайды. Әсіресе, қалада тұратындарға мұның пайдасынан гөрі зияны көп. Осылай дейді Германияның Йоханнес Гутенберг университетінің зерттеушілері.
Ғалымдардың айтуынша, ұйықтап жатқан адамға сыртқы шудың зияны көп. Әсіресе, көшедегі көліктің жүріс-тұрысы мен дыбысы түнгі ұйқыға залал келтіреді.
"Транспорттың шуы қатты болған сайын ұйқы фазасы да нашарлай береді. Ұйықтап жатқан адамның ағзасы көлік дыбысын естігенде стресс гормонын бөліп, ол өз кезегінде қанда холестериннің шырт көбейіп, артериалды қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Содан қан тамыры және жүрек аурулары пайда болуы мүмкін", - деп түсіндіреді зерттеушілер.
Бұдан бөлек, түнгі стресс күйзеліс, невроз мен үрей сынды психологиялық ауруларға әкелуі де мүмкін екен.
Сондықтан мамандар үйді салқындату үшін ұйықтардың алдында терезе ашып алған жөн дегенді айтады. Ал жатарда терезені жауып жатқан дұрыс.
Қ. Слямбек