- Негізгі бет
- Психология
- Іздеген ем асылды...
Іздеген ем асылды бір өзіңдей
Бойжеткендердің мінезін болжау мүмкін емес. Олардың не қалайтынын да түсіну қиын. Алайда олардың барлығы да жігіт қауымына ұнауды жөн көреді. Жігіттердің де талғамы әртүрлі. Бірі тәкаппар, батыл қызды ұнатса, екіншісі нәзік те инабатты бойжеткендермен бірге болуды қалайды. Осыған орай, психолог мамандар жігіттерге ұнайтын қыздардың 7 түрлі типін анықтаған екен. Оларды назарларыңызға ұсынамыз.
1. Ақымақ әрі сұлу
Жігіттер көп жағдайда түсінігі косметика, киім, сән, өсек сөз, жұлдыздардың өмірі сынды дүниелерден аспайтын, аз ақымақтау қыздарды ұнатады. Себебі мұндай бойжеткендердің жанында кез келген жігіт өзін ақылды сезінеді.
2. Орыс мінезді қыздар
Қазақ қыздары қашан да инабатты, жігітін құрметтеп, оның атына сөз келтірмеуге тырысады. Ал орыс мінезді қыздар жігіттеріне қарағанда, батыл болып келеді. Мұндай бойжеткендермен қарым-қатынас құру өте қиын.
3. Үйде отыратын қыздар
Бұл категорияға мінезі жібектей нәзік, жанында отырған кезде ләззат сыйлайтын қыздар жатады. Олар тазалықты сүйіп, үйін айнадай етіп жинайды. Дәмді тағамдар пісіріп, жігітінің кез келген оғаш қылығын көтереді. Ақшаны да орнымен жұмсайды.
4. Жыртқыш аң тәрізділер
Бұл типке жататын қыздар жігітінің тек өзін ғана сүйіп, тәулігіне 24 сағат өзімен бірге болғанын қалайды. Қалауын толықтай орындатқызғанды ұнатады. Көп ақша жұмсалғанын талап етеді. Мұндай бойжеткендер өте ақылды десек те болады.
5. Ұяң қыздар
Кез келген жігіт жанында мейірімді, қамқор қыздың жүргенін қалайды. Мұндай қыздар мансап жолында табысқа жетіп, үй шаруасын толықтай реттеп отырады. Жігітінің көп қателігін кешіруге дайын. Олар тағдырға лағнет айтпайды, тек арасында көз жасын төгіп, үнсіз қалады.
6. Комплексіз қыздар
Бұл қыздардың түрі ұсқынсыз болса да, кез келген жерде өзін сенімді ұстайды. Өкінішке орай, дөрекі сөздер айтады. Зиянды әдеттері де жоқ емес. Болашақ жар болуға лайық болмаса да, кез келген кештің гүліне айналып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
7. Іскер қыздар
Өте ақылды, ақшаны да қажет мөлшерде табады. Тәуелді болуды ұнатпайды. Өмірден не қалайтындарын жақсы біледі. Және сол нәрсеге жетпейінше тынбай еңбек етеді. Кейде жігіттерді қорқытатын тәкаппар мінезі бар. Үй шаруасымен айналыспау үшін үнемі уақыттың жетпейтіндігін айтады. Жігітіне менсінбей қарауы мүмкін.
8. Ақылды қыздар
Бұл қыздардың бойында бірнеше типтің қосындысы бар. Олар қай кезде ақылды болып, қай кезде ақымақ мінез таныту керектігін жақсы біледі. Жігітті қай кезде жалғыз қалдырып, қай кезде демеу болу керектігін сөзсіз түсінеді. Достарының алдында оған дауыс көтеріп, ұятқа қалдырмайды. Әдетте тәжірибе көп болған кезде, осылай болады.
Ал сіз қандай бойжеткендерді ұнатасыз?
Қ. Бүйенбай