- Негізгі бет
- Психология
- Ыңғайсыз үнсіздік тумас...
Ыңғайсыз үнсіздік тумас үшін
Кез келген адаммен тіл табысып кету бәрінен қолынан келе бермейді. Кейде жаңа көріскен адаммен қандай тақырыпта әңгіме қозғауға болатынын білмей дал боламыз. Бұндай жағдайда барлық адамға көмектесетін ортақ және негізгі тақырыптар болады. Ыңғайсыз үнсіздік тумас үшін қандай сұрақтар қоюға болады, бірге талқылайық.
1. Туған жері туралы
Адамдар өздерінің мекен-жайы, телефон нөмірін жасырғанымен өздерінің балалық шағы өткен туған жерлері туралы ашылып айтады. “Қай жақтан боласыз?”, “Сіздерде осындай салт бар деп естідім, шын ба?” деген сұрақтар оған сізбен еш қысылмастан сөйлесуіне септігін тигізеді. Олар өз аймақтарының қызықты жерлерін, табиғатын, асханасын, сәулет өнерін де айтып береді. Мүмкін, жерлес болып, ортақ тақырып та табылып қалар.
2. Балалары мен үй жануарлары туралы
Егер оның баласы бар екенін білсеңіз, бала тақырыбы — байланыстыратын және ортақ тілдесуге болатын тақырып. есть дети, помните, что это, скорее всего, прекрасная тема для расспросов. Сіз сұрақты аяқтамай тұрып-ақ, ол балаларын көрсету үшін бірден ұялы телефонын ақтара бастады. Баланың әр ісін ата-ана мақтанышпен айтады. Онымен бұл тақырыпта сөйлесіп, оған ашылуға көмектесесіз. Егер бұл тақырыпты көтерудің қажеті жоқ деп білсеңіз, үй жануарлары туралы сөйлесіп көріңіз. Мүмкін, сізге кеңес те беріп қалар.
3. Оқуы, жұмысы туралы
Адамдар өздері туралы айтқанды жақсы көреді. Сондықтан оның қандай елдерде болғанын, қандай іспен айналысқанын және басынан кешірген қызықты сәттер туралы сұрасаңыз артық етпейді. Көбіне ой екіге бөлінбейтін, ортақ тақырыптарда тілдескеніңіз жөн. Оқу орнын сұрасаңыз да болады.