Қоғамда қабылданған тәртіп нормаларын кездейсоқ бұзып, ыңғайсыз жағдайларға тап болып қалдыңыз ба? Бір жағынан күлкілі, екінші жағынан өте ыңғайсыз жағдайлардан бет-бейнеңізді сақтап қалай шығуға болады?
Бұндай кез әркімнің басынан бір рет те болса да өткен шығар. Ыңғайсыз жағдайдан шығудың 4 ережесін біліп жүріңіз.
Бұндай сәттері сіздің басты қаруыңыз - қалжың. Кезіккен ыңғайсыздыққа қалжыңмен қарап, өзіңізге өзіңіз күліңіз. Кейде бұл орынсыз көрінсе де, жұмыс істейді. Аппақ көйлегіңізге кофе төгіп алдыңыз ба? "Осы көйлекті лақтырудың амалын іздеп жүр едім" деп күліп, бұл жағдайды ұмыттырыңыз. Немесе автобуста іші дөңгелектенген қызға аяғы ауыр-ау деп орын бердіңіз делік. Шын мәнінде кішкене томпақтау қыз бұған өкпелеуі мүмкін. "Бүгін көзілдірікті ұмытып кетіп, сіздің шын мәнінде қандай сұлу қыз екеніңізді байқамадым" дей салыңыз.
Қашпаңыз. Ыңғайсыз жағдайға тап болған жерден көзіңізді жұмып қашу сізді одан да орынсыз жағдайға қояды. Дүкенде төлейтін ақшаңыз болмай қалды ма? "Маған бұл керек емес екен" дегеннен гөрі жағдайды түсіндіріп, азық-түліктерді қалдырып қоюын сұраңыз. Артынан ақшаңызды алып келіп, заттарыңызды алып кетесіз. Ыңғайсыз жағдайдан осылайша құтылуға болады.
Бірақ кейде әзіл де, кешірімдер де көмектеспейді. Мысалға сіз байқамастан боялған орындыққа былғанып қалдыңыз делік. Қалай болғанмен, үйге дейін осындай түрмен жетуге тура келеді. Бұндай сәтте жүргіншілердің күлкілеріне назар аудармауға тырысыңыз, олар сізді бірінші және соңғы рет көргелі тұр. Олардың алдында ұятқа қалдым деп уайымдаудың қажеті жоқ.
Ең бастысы бұндай жағдайлар бәрінің де басынан өтетінін ұмытпаңыз. Ұяттан кірерге тесік таба алмай тұрсаңыз да, бұл оқиға бір-екі күнде ұмытылатыны есіңізде болсын.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vk.com