Қыс мезгілінде аялдамада аяқтары мен қолдарын айқастырып тұратын адамдарды жиі көруге болады. Олар бұл әрекеттерін мұздап тұрғандарымен түсіндіреді. Алайда мамандардың айтуынша, адам біреумен сөйлескісі келмеген кезде немесе ашуланғанда осылай тұрады екен.
Ал мұздап және ашуланып тұрған адамды қалай ажыратамыз?
1) Мұздап тұрған кезде қолдарды айқастырып қолтықтың астына кіргізіп, аяқты түзу айқастырамыз;
2) Ал ашуланып тұрған адам қолын айқастырған кезде шынтағын ұстап, аяқтарын бос қояды. Яғни аяқтарын айқастырса да, мұздаған адамдай тік тұрмайды.
Қолдары мен аяқтарын жиі айқастыратын адамдар өздерінің мұздап тұрғандарын айтып, бір нәрсеге ашуланып, алаңдап тұрғандарын жасырады. Енді біреулері өздеріне дәл осылай ыңғайлы екендігін айтады. Шындығында, осы тұрысты қолдану арқылы адамдар эмоциялық жай-күйін жасырып қаламыз деп ойлайды.
Ал сіз аяғыңыз бен қолыңызды жиі айқастырасыз ба?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: lifepsyho.ru