- Негізгі бет
- Психология
- Да Винчи кестесі:...
Да Винчи кестесі: толыққанды өмір сүру үшін уақытыңды қалай ұйымдастыру керек
Қазіргі өмірдің сұмдық қарқыны адамнан барынша қайтарым әрекетті талап етеді. Өз уақытын бақылап, күндерін жоспарлап, істердің ретін – ең маңыздысынан онша емесіне дейін – дұрыстай алмаса, ол мүмкін емес. Даналар өмірден барын алу үшін өз уақытын қалай жұмсау керектігін жақсы білген. Бұл қабілет бірнеше жобаны бір уақытта жасағанда аса маңызды, өйткені қарқынды жұмыс кезінде өзіңді тығырыққа тіреу, тіпті дымсыз қалу өте оңай.
Бұдан қорытынды қандай? Өмір толыққанды, үйлесімді және табысты болуы үшін өмір кестесін жасау керек. Ол үшін психологиялық және дене параметрлерін, сонымен қатар алдағы ұзақ болса да, зеріктірмейтін жұмысқа қызығушылықты есепке алу керек.
Бұл ретте бізді әрдайым Леонардо да Винчи таңғалдырған – бұл кісінің қолынан бәрі келгендей. Ол ғалым да, өнертапқыш та, инженер де, суретші де, анатом да, мүсінші де, музыкант та болған – әр салада жетістікке жеткен. Леонардо 67 жасында, өзінің досы – француз королі I Франциск қолында қайтыс болған. Артынан қалған орасан мұра қазіргі өнертапқыштардың санасын әлі де болса дүрліктіруде. Ойымызша, уақытын дұрыс реттей алған адам ретінде дәл осы тұлғадан үлгі алуымыз керек.
Жақсы күн жағымды ұйқыны қалай әкелсе, жақсы өмір де жағымды өлім әкеледі.
Леонардо да Винчи
"Да Винчи кестесінің" басты идеясы – жеткілікті икемділікті әдеттендіру, бұл икемділік көптеген істі жасампаздықпен, мақсатқа бағытталған түрде және де, қанша таңырқалық болса да, көңілді орындау үшін көмектеседі. Иә, жұмыс біздің көңілімізді көтеретініне сенеміз, егер амалын таба білсек.
Көптеген адам жоспарлауды аптаның бірінші күні – дүйсенбіде бастау керек деп есептейді. Бірақ бұл дұрыс емес. Жоспар құру жексенбінің кешінде басталуы керек – бұл "аптаның ең қиын күнін" жеңілдетуге көмектеседі.
Жақсы нәтижеге жету үшін, адам өз-өзіне адал болып, міндеттердің өзіне қаншалықты маңызды екендігін жете жіктей білуі тиіс. Қиын нәрселерді жұмыс күнінің соңына не апта соңына қалдыру – үлкен қателік.
Күн мен аптаны қалай ұйымдастыру керек
1. Терең жұмыс
Бұл негізгі, уақытты көп алатын жұмыс. Программисттің терең жұмысы – программа жасау, код жазу. Журналист үшін терең жұмыс – мақаланың негізгі бөлігін жазу. Ең қиын және жалықтыратын нәрселерді жұмыс күнінің басында істеп, ешқандай екінші кезектегі міндеттерге көңіл бөлмеу аса маңызды. Терең жұмыс әдеттегідей жұмыс уақытының негізгі бөлігін алу керек.
2. Әкімші жұмысы
Одан соң "әкімшіліктендіру" уақыты келеді – ол тіпті сатушыларда бар, кәсіпкерлерде ғана емес. Бұл уақытты электрондық поштаны тексеруге, құжаттарды ұйымдастыруға, кездесулер кестесін құрастыруға және тағы басқаларына кетіру керек. Бұл міндеттердің бәрі маңызды және басында ойлағаннан көбірек уақыт талап етуі мүмкін. Бірақ бұл істі жүйелі түрде істеп отырса, жұмыс жалпы алғанда жеңілдей түседі. Негізгі жұмыс сағаттарына жүк азырақ болса – көңіл бөлінуге азырақ сылтау болады.
3. Кездесулер
Жұмыс уақытында ұйымдастырылған кездесулер оның өнімділігіне тікелей әсер етеді. Кез келген іскерлік кездесу не кеңесу таңертеңге (таңғы 10-ға дейін) не кешкі уақытқа (17:00 кейін) жоспарлану керек. Осылайша негізгі жұмыстан көңіл ауып кетпейді, көп уақыт үнемделіп, жұмыстың қызған шағында эмоциялық сілкініс сезілмейді.
4. Фитнес
Үнемі жаттығу денені ғана емес, психиканы да тонуста ұстауға көмектеседі. Таңертең, жұмысқа дейін жаттыққан дұрыс. Бірақ кеңседен кешкі 5-6-да шыққан адам, бірден залға барса да болады. Дұрыс ұйымдастыру қағидасы бойынша, дүйсенбі, сәрсенбі, жұмада және демалыста бір күн шыныққан жақсырақ.
5. Қатынасу, дәрістер, кездесулер
Кем дегенде аптасына бір-екі рет тікелей жұмыспен әрдайым байланысты болуы тиіс емес кейбір білім беру іс-шараларына қатысқан жөн. Өзімізді дамыту, әртүрлі көзқарастарды зерттеу, білімді сіңіру – мұның бәрі өмір мен ақыл үшін маңызды.
6. Тынығу
Да Винчи бұл уақытта әйгілі қыдырғыш болған. Мысалы, оны француз королінің сарайына шақырып, оған "корольдік инженердің" құрметті атағы берілгенде, ұлы нәрсе жасаудың орнына, үлкен маскарадтар мен кештерді ұйымдастыруды ұйғарған. Леонардо жалықтырғыш жігіт болмаған – демала білген.
Күнделік кестені жасаған жағдайда, демалыс болуы керек екенін ескеру қажет. 2-3 сағат болсын, сүйікті істерге арнаған абзал: кітап оқу, видеоойындар ойнау, достармен сөйлесу, YouTube-та видео көру. Адам миы демалуға лайық, сондықтан мұны естен шығармау керек.
Демалыс күндері
Демалыс күндері жұмыс істеу қалыпты нәрсе. Бірақ жұмыс адамға ұнайтын болса және одан ләззат алып, пайда көрген жағдайда ғана. Алайда бұл жұмыста "күйіп кету" керек дегенді білдірмейді.
Ұйқы ұзақтығы 8 сағаттан артық болмауы керек, әйтпесе қымбат уақыт жоғалады әрі ұзақ ұйқы мидың белсенділігіне кедергі келтіреді. Демалыстың мәні – психиканы қалпына келтіру, жаңа жетістіктерге өз-өзін ынталандыру. Демалыс күндері – кез келген нәрсені жасауға болатын уақыт.
Massaget.kz