Басқару ісін баяндайтын мақалалар мен кітаптар жетіп артылады. Бірақ та... Бастық болатындай бас-басыңа бақ қайда? Осы ұранмен өзгеше, елден ерек мазмұны бар бір мақала жазуға кірістім. «Қалай ары таза, ісіне адал, жауапкершілігі бар жұмысшы болу керек?» осы сұрақтың жауабын тауып көрелік, достар.
Дұрыс басқара алмауға қарағанда, басқарыла алмау ұжымдық еңбекке көп зиянын келтіргенін мойындайық. Ең бірінші кезекте жай жұмысшының әр мәселеде де шешім таба білуі маңызды. Содан кейінгісі – шындықты жасырмай айта білу. «Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді, Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді» дегенді ұмытпайық. Көп жағдайда мәселе қандай қиын болмасын, оның шешілер түйіні бар. Осы мәселенің қалай қиын орындалатынын ойлай бергенше, тырнақтай талап қойып, істі бастап кету керек. Ұжым арасындағы жұмыс көлемін талқылаулардың көп ретте – жұмысты жамандау және оны барынша қиындату мәніндегі сылтаулары болады. Бұл еріншектің, қорқақтың амал-тәсілі. Ал жалғыздықта адам өз санасында ізденеді, болжау жасайды, шешім жасайды.
Сонымен қатар, жұмысшының жеке өміріндегі жағдайлар да жұмыстың іске асырылуын тежейді. Әрбір проблемалық ситуация жұмысқа деген «тәбетін» қашырады.
1. Бұйрықты талқыламау, тапсырмаға «құп, орындалады» деу ең ұтымды әрекет.
2. Жақсы жұмысшы әрқашан да сергек жүреді. Шынайы нәтиже қандай болмасын, сіздің көңіл-күйіңіз жаман болса, онда жақсылықтан үміт күтпей-ақ қойыңыз. Жұмыс орныңызға келіп отырған сәттен сіз шаршаңқы күйде жүрсеңіз, мейлі ол қандай бастық болса да, сіздің жұмысыңызды ауыстыру мәселесін қарайды. Әрине, сіздің бұл жағдайдан кейін жақсы жұмысқа отыруыңыз екіталай.
3. Жұмысшы өзгенің емес, ең бастысы өз ісіне берік болуы керек. Есіңізде болсын, «акула жалғыз жұмыс істейді».
4. Нашар жұмысшыдан ешқашан да жақсы басқарушы шықпайды. Адаммен қарым-қатынас жасай білу тек жәй ғана жұмысшыға емес, сонымен қатар, басқарушыға да керек қасиет. Сондықтан да бастығыңызға өзіңізді сыйлата білуіңіз керек.
5. Сіздің жағдайыңыз болмай жүргеніне, мектепте нашар оқуыңызға немесе өміріңіз сәтсіз болса оған бастығыңыз кінәлі емес. Өмір өз қолыңызда!
P.S. Сонымен келісіп алайық. Ең жақсы жұмысшы – тапсырманы ешқандай сылтаусыз орындап шығатын әрі өміріне риза адам! Осы мәтелді ұмытпайық...
Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ
Сурет: naim.ru