Ұзақ өмір кепілі - жақсы мінез

"Бірінші байлық - денсаулық" демекші, өміріміздің сапасы мен ұзақтығына әрине деніміздің саулығы үлкен әсер етеді. Сонымен қатар өмірлік ұстанымдарымыз, мінез-құлқымыз да шешуші факторлардың қатарында. Мінездің кейбір қасиеттері өмірімізді ұзартса, басқалары кері әсер беріп, ғұмырымызды қысқартады екен. Кім ұзақ өмір сүргісі келеді? Ендеше мына қасиеттерден тез арада арылыңыз.

Цинизм

Циниктер көбінесе басқаларға сенімсіз, күдікпен қарайтын болып келеді. Бұл қасиет жүрек-тамыр ауруларын дамыта алады. 

Өмірлік мақсаттың болмауы

Мақсат жоқ болса, өмір сүрудің қандай мәні бар? Зерттеулер көрсетеді: асқақ мақсаттары бар адамдар басқаларға қарағанда 5 жыл ұзақ өмір кешеді.

Депрессияларға қарсы төзімділіктің жоқтығы

Ұсақ-түйек мәселелерге де уайымдайтындардың ғұмыры қысқарақ болады. Бұл тек жүйкенің жұқаруына ғана байланысты емес. Уайымға салынған ол тәтті мен темекіге құштар болып, өз денсаулығын құртады.

Өзін-өзі күтпеу

Өзіне қол сілтеген адам денсаулығы, ішкен тамағы, ұйқысы жайлы ойланбайды. Бұның бәрі ұсақ заттар болып көрінгенімен, жиналғанда шешуші фактор болуы мүмкін.

Уайым-қайғыға берілу

Дәрігерлер дәлелдеген, жиі уайымдайтын адамдардың тамырларында тромб пайда болу мүмкіндігі өседі. 

Өмір жастарыңыз ұзақ болғай!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: md-bulgaria.ru