Ұйқы өміріміздің 1/3 бөлігін құрайтыны белгілі. Алайда әркім әрқалай ұйықтайды. Біріміз қолымызды көтеріп немесе кеудеге қойып ұйықтасақ, біріміз етпетінен жатқанды жақсы көреміз. Осындай ұйқыдағы дағды да адам мінезінен, болмысынан хабар береді. Ал сіз қалай ұйықтайсыз?
Екі қолы басында. Сіз танитын адам ұйықтап жатқанда екі қолын басына қойып, шалқасынан жатса, бұл жандар аристократты адамдар. Өз дегенімен жүретін жандар үшін біреудің сөзі, сын-пікірі жай дүние болып табылуы мүмкін.
Бір қырымен жатса. Көп уайымдайтын, сырын іште сақтайтын, көп нәрсені ойлап барып қадам жасайтын жаны нәзік адам. Адамдарға ашыла бермейді. Бірақ сіз ол жанды әңгімеге тартатын болсаңыз, рухани демалып қаласыз. Жан-жақты өнерлі, бірақ жан дүниесі мұңға жақын. Лирикалық әндерді де жанына серік етіп алған.
Етпетінен жатса. Бұл жан ұйқыны бірінші орынға қояды. Егер ұйқысы қанбаса, өшін басқалардан алады. Тамақты да, киім кигенді де жақсы көретін талғампаз жан. Көңіл-күйі ауыспалы, тез ашуланшақ, кез келген адаммен сырласа бермейді.
Екі қолы жүрегінде. Бұл жан өзгеше, ешкімге ұқсамайтын, жан дүниесі жиі мазаланатын, жаны жиі жараланатын, басқалар оған көп назар аударғанды ұнататын адам. Адамдарға сыйлық жасағанды жақсы көреді. Өз қолынан әртүрлі заттарды құрастырып, көптеген сыйлықтар жасайды. Қиялының шарықтау шегі шексіз.
Дереккөз: anabol.kz