- Негізгі бет
- Психология
- Үйленуге рұқсат етілмейді...
Үйленуге рұқсат етілмейді
Үйлену – кіші мемлекет болу. Осынау мемлекетті қалыптастыру үшін ең алдымен сіз жар таңдауыңыз керек. Өмірлік жарыңызды тағдыр қосады. Бірақ тағдырға сеніп жүре беруге де болмайды. Сіздің әрекетіңіз, сезіміңіз бәріне жауап бере алу керек. Жауапкершілік арту үлкен қызмет. Бірақ үйленбес бұрын қандай ерге тұрмысқа шығуға болмайтынын, қандай әйел затына үйленуге болмайтынын білгеніңіз абзал.
Ер адамдарға мына әйел затына үйленуге рұқсат етілмейді:
1. Анасы.
2. Әке-шешенің шешелері (әжесіне).
3. Қызы және ұл-қызының қыздары (қыз немере).
4. Апалы, әпке-қарындасы.
5. Апалы, әпке-қарындасының қыздары.
6. Аға-інісінің қыздары.
7. Әке-шешенің апа-сіңлі, қарындастары. Идда уақытын күтіп жүрген әйелге (ажырасқаннан кейінгі 3 ай, күйеуі қайтқаннан кейінгі 4 ай 10 күн мерзімі)
8. Сүт анасы.
9. Сүт әке-шешесінің шешелері.
10. Сүт қызы және сүт ұл-қызының қыздары (сүт қыз немере).
11. Сүт апа, әпке-қарындасы.
12. Сүт апа, әпке-қарындастарының қыздары.
13. Сүт аға-інісінің қыздары.
14. Әке-шешесінің сүт апа, әпке-сіңлі, қарындастары
15. Қайын енесі. 16. Өгей шешесінің қызы.
17. Өгей анасы.
18. Келіні.
Әйелдерге мына ер адамдармен неке құруға болмайды:
1. Әке.
2. Әке-шешесінің әкелері.
3. Аға-інісі. 4.
Аға-інісінің ұлдары.
5. Апа, әпке-сіңлінің ұлдарына.
6. Әке-шешенің аға-інісі.
7. Сүт әке.
8. Сүт әке-шешенің әкелері.
9. Сүт ұлы және сүт ұл-қызының ұлдары (сүт ұл немере).
10. Сүт аға-інісі.
11. Сүт апа, әпке-сіңілінің ұлдары.
12. Сүт аға – інісінің ұлдары.
13. Әке-шешенің сүт аға-інісі.
14. Қайын атасы.
15. Өгей ұлы.
16. Өгей әкесі.
17. Күйеу баласы.