- Негізгі бет
- Психология
- Үйленбес бұрын сүйіктіңнен...
Үйленбес бұрын сүйіктіңнен осы 3 сұраққа жауап ал
Француз психологы Мария Джейсон 15 жыл бойы жұптармен жұмыс істеген. Әңгімелеріне сүйене отырып, ол ұқсас адамдар мінездері келмейтіндерге қарағанда жақсы тіл табысатынын анықтады. Бұл айдан анық деп ойласаңыз қателесесіз. Себебі мінезі екі түрлі адам бір-бірін толықтыады, әдемі отбасы болады деген де пікір бар. Идеал қарым-қатынастар өмірге көзқарастары ұқсас адамдар арасында ғана бола алады. Жоқ, бұл екеуі де тамақ пісіруді немесе футболды жақсы көруі керек дегенді білдірмейді. Бірақ темперамент сияқты міндетті түрде ұқсас болуы керек негізгі нәрселер бар. Әйтпесе, одақ ұзаққа бармайды. Үйленбес бұрын осы сұрақтарға жауап беріп, темпераменті сәйкес келсе, ол жұптың болашағы бар.
Сонымен, жұп бір-біріне қандай сұрақтар қоюы керек?
№1. Сіз автомобильге мініп дүние жүзін шарлауды қалайсыз ба?
Сіздің мінезіңізді ашатын тест сұрағы. Осылай әлем шарлауды армандасаңыз, демек мінезіңіз тұйық болғаны, ал тым актив өмір сүретін, мінезі ашық адамдар мұндайға шыдамайды. Саяхатта оқшау жүріп жасау туралы армандамайды да. Мұндай адам сізбен бақытты болса да, оған басқа адамдармен, дос-туыстарымен қарым-қатынас қажет болып тұрады.
№2. Сіз қорқыныш фильмдерді ұнатасыз ма?
Бұл сұрақтың жауабынан сіздің серіктесіңіздің өмірінде адреналин бар ма, жоқ па анық болады. Әдетте үрейге, шытырман оқиғаға және қауіпті спортқа бейім адамдар (альпинистер, сүңгуірлер, парашютпен секірушілер) қорқынышты фильмдерді ұнатпайды - олар өмірде үйреніп қалған адреналинге тәуелді. Қорқынышты фильмдерді көру кезінде стресс сезінудің оларға қажеті жоқ, себебі өмірінің өзі сондай. Қарапайым адам үшін адреналин дозасын алу үшін Discovery арнасын немесе Stranger Things-ті көру жеткілікті. Сондықтан ол ғылыми фантастикаға немесе детективтерге әуес болса, демек пассив өмір сүретінін белгісі.
№3. Ауылда тұрғыңыз келе ме әлде қалада ма?
Мұнда бәрі анық - бұл ең қарапайым үйлесімділік сынағы. Тыныш жерде үйі болғанын армандайтын адам өзін шулы мегаполиссіз көрмейтін адамды ешқашан түсінбейді. Демалыс күндері де мыңдаған шаруасын қалада тастап, шалғайдағы үйлеріне түнеп шығу үшін келетін адамдарды білесіз бе? Бірақ, бәлкім, жұбыңызбен келісерсіз - жастық шағыңызды қала орталығында өткізіңіз, ал қартайған кезде сіз тыныш жерге кетесіз. Бұл, әрине, егер екеуіңіздің қалауыңыз екі түрлі болса ...
А. Оралқызы