Ұйқы — тамақтану, таза су секілді адам өмірі үшін маңызды үдерістердің бірі. Ұйықтау арқылы ағзаның иммундық жүйесі реттеледі, вирус пен бактерияларды жеңу мүмкіндігі артады. Одан бөлек жүрек секілді өзге де маңызы зор ағзаларады жұмысын реттейді. Ұйқысыздықпен кез келген адам өмірінде бір рет болсын кездесіп көрді. Дегенмен ұйқы режимінің бұзылуы жиілесе, оның да берер өз салдары бар.
Бет терісі:
Алғашқы өзгерістер бірден сырттай байқалады. Сондықтан, бірнеше күн дұрыс ұйықтамаған жағдайда алғаш болып зардап шегетін сіздің бет теріңіз. Тері сапасы бүлініп, түрлі қабынулар, акне мен әжім пайда болады. Көз асты қарайып, ісіп кетеді. Егер бет теріңіздің күрт нашарлап кеткенін байқасаңыз, косметолог көмегінен бұрын, ұйқы мәселесін шешуге тырысып көріңіз.
Артық салмақ:
Ұйқының қанбауы артық тамақ жеуге себеп болады.Дұрыс ұйқы кезінде ағза демалып, керекті күш пен энергия жиып алады. Егер ұйқы жетпесе, жетіспейтін энергияны калориясы жоғары тағамдар арқылы толтыруға тырысады. Сондықтан, ұйқысыз түннен кейін адамдардың басым бөлігі тез тарқайтын көмірсуға бай тағамдарға тәбеті тартып тұрады.
Шашыраңқы ой:
Ұйқының жетіспеушілігі жүйке жүйесінің ауруы мен мидың жұмысқа қабілеттілігіне әкеледі. Адамдардың қоршаған ортада болып жатқан нірсеге реакциясы баяулайды, қысқамерзімді жады зардап шегеді, ойын жинақтай алмайды. Реакциясы баяулағандықтан кейде көлік жүргізуге де тыйым салады.
Жүрек ауруы:
Ұйқысыздықпен қатар жүретін белгілердің бірі — жүрек соғысы мен қан қысымының артуы. Ұйқы кезінде қысым азайып, жүрек тыныштық жағдайына келеді. Егер ұйқыңыз дұрыс болмаса, соғұрлым инфаркт алу мүмкіндігіңіз жоғары.
Ұйқысыздық созылмалы түріне ауысса бірден дәрігерге қаралып, медициналық түрде ем алуға кеңес береміз.