- Негізгі бет
- Психология
- Үйдің қай бөлмесін...
Үйдің қай бөлмесін ерекше ұнатасыз?
Психологтар кез келген адамның жайшылықта қайсы бөлмеде көп жүретініне қарап, сол адамның жалпы мінездемесіне талдау жасауға болатынын байқаған.
***
Кітап үйін ұнататындар: Егер ер адам болса, өзіне сенім арта алатын және өнерлі адамдардың қатарына жатады. Ал әйелдер ойламды, ақылды, сезімге бай жандар болып келеді.
***
Самалдықты (балкон) ұнататындар: Мұндай адамдар дербес өмір сүру қуаты күшті, тәуекелшіл, ой жүгіртуге шебер. Орайды ұтымды пайдалана біледі.
***
Қонақ үйді ұнататындар: Мұндай адамдар дәстүрлі көзқарасы күшті, жұртқа жанасымды, байсалды, тәртіпті келеді.
***
Ас үйді ұнататындар: Мұндай адамдар тұрмыста қарапайым, мейірбан, басқаларға күйінгіш, жұрт пікіріне құлақ асады және олардың пікірін жерге тастамайды. Арып-шаршаудан қорықпайды.
***
Жатын бөлмені ұнататындар: Бұлар романтикалы, жайлы тұрмысты ұнататындар. Өзіне қатыссыз іспен ешқашан жұмысы болмайды. Олардың бойында жұртты өзіне баурайтын ерекше қуат болады.
***
Тазалық бөлмесін ұнататындар: Мұндай адамдар өзінің сыртқы келбеті мен денсаулығына ерекше мән береді. Тұрмысқа қызғынды. Белсенді көзқарас орната біледі. Жайшылықта таза, ретті, сәнденіп жүргенді ұнатады.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек