Егер сіз жұмысыңызды кеңседе емес, үйіңізде жасасаңыз, өз күніңізді алдын ала жоспарлау сіз үшін өте маңызды. Үйдегі тірліктер жұмысыңыздың нәтижелі болуына кедергі жасамасын десеңіз, белгілі бір ережелер ұстанған жөн.
Күнделікті бір уақытта ояныңыз. Үйдегі жұмыс та жұмыс, сондықтан оны орындаудан кеш қалмаңыз. Ол үшін күнделікті белгілі бір уақытта оянып, бір уақытта жұмысқа кірісе бастаңыз. Киім ауыстырыңыз. Халат немесе басқа да үйдегі киім жұмысқа емес, ұйқы мен теледидар қарауға итермелейді. Өзіңізге ыңғайлы, бірақ басқа киім киіңіз. Осылайша іске деген көзқарасыңыз да өзгереді. Теледидарды мүлдем қоспаңыз. Әрине жұмыспен қатар сериал мен тв-шоуларды тамашалауға болады. Бірақ олар қайта-қайта көңіліңізді аударып, тиянақты жұмыс істеуге бөгет жасайды. Спортпен шұғылданыңыз. Егер жұмыс күніңіз үйде өтетін болса, спортпен шұғылдануға далаға не спорт залына барған дұрыс. Осылайша біраз сергіп, күш-қуат жинайсыз. Пайдалы істермен айналысыңыз. Үйдегі жұмыстың кеңседегіден артықшылығы: жұмыспен қатар пайдалы істерді тындыра аласыз. Мысалы шашыңызға маска жасап немесе түскі асқа пайдалы, дәмді ас даярлаңыз. Ыңғайлы жайғасыңыз. Ұйықтап тұрған төсегіңізге ноутбукты алып, не ас үйде тамақ ішіп отырып жұмыс жасаған қате. Ыңғайлы үстел мен орындыққа жайғасқан жөн.Ал сіз үйде жұмыс жасайсыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: beest-site.com