Көптеген елдерде ер адамдардың үй шаруасымен айналысуы әдетке айналып бара жатыр. Мұндай шешім ерлі-зайыптылар арасында қарапайым экономикалық есепке негізделіп қабылданады. Балалы болғаннан кейін үй шаруасы мен балаға қарау сияқты мәселелерді кім атқаруы тиіс деген сұрақ тұрады. Әйелдің табысы көбірек болса, онда күйеуі балаға қарайды. Әйелі өз кезегінде жұмысын жасайды. Үй шаруасын жүргізуді үйреніп алу қиын емес. Егер сұрақтар туындап жатса, әйеліне хабарласып сұрап алады.
Отбасылық өмірде ер адамды тек үй шаруасымен айналысуға мәжбүр ететін жағдайлар болады. Ондай жағдайлар болып жатса, бұрын біле бермеген міндеттерді өз мойнына алуға дайын болу керек.
Үй шаруасын тек әйелдердің міндеті деп санайтын ерлер үй қызметшісін жалдауды жөн көреді. Бірақ ол әркез мүмкін бола бермейді. Ал бұл міндетке дайын ер адамдар еш қиындықсыз отбасын тамақтандырады, киімді ретке келтіреді және балаға қамқор болады.
Үй шаруасын атқарып жүрген ер адам бұрынғы кездерден-ақ күлкі мен аяушылық сезімін тудырған. Қандай жағдай болмасын, ер адам отбасыны асыраушы адам болып қала беру керек. Үй шаруасы мен бала тәрбиесі әйелдің міндеті екенін естен шығармау керек.
Қазіргі таңда «Әйелдер кәсіпке араласады, өздерін мансапқа арнайды, бала туғысы келмейді және әйелдік белгісін жоғалтқан» деген сияқты пікірлер көп кездеседі. Бірақ «Ер адамдар да нағыз ерлерге лайық қасиеттерінен арылған. Олар таңдаған жарын асырай алмайды, мінездері ұяңдануға жақын» деген пікірлер де жоқ емес.
Татулықта өмір сүретін отбасыларда мұндай қиындықтар жоқ, себебі оларда «Үйде кім бастық?» деген сұрақ мүлдем талқыланбайды.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: k-pop.ru, dresswe.com