Ұяңдық, әсіресе қазақы ұялшақтық, адамның көркем мінезі болуы мүмкін. Бірақ сіздің басқа адамдармен дистанцияңыз тым ұлғайып кетіп, бұл сізді кей жағдайларда шектей бастаса, одан құтылатын уақыт келді деген сөз.
Егер ұяңдықтан арылғыңыз келсе, келесі ережелерге құлақ түріңіз.
1. Сіз өз-өзіңізді қалай бағалайсыз? Осыған назар аударыңыз. Ұяңдық көбіне өзін-өзі төмен бағалау мен асыра сыншыл қараудан туындайды.
2. Неге ұяң екеніңізді өзіңізден сұраңыз. Сіздің бейтаныс адамдармен бірден сөйлесіп кете алмауыңыздың себебі неде?
3. Сізді ыңғайсыз күйге түсіретін жағдайлардың тізімін жасаңыз. Оларды қарапайымынан бастап, ең күрделісіне дейін өсу ретімен жазып, олармен күресе бастау қажет.
4. Өзіңіздің сырт келбетіңізге көңіл аударыңыз. Арқаңызды тік ұстап, әрқашан ұқыпты жүріп, жақсы киінуге тырысыңыз.
5. Не істесеңіз де, өзіңізді жоғалтып алмаңыз. Ұяңдықтан арылу жолында, өзге адамға айналудың қажеті жоқ. Тек «жаңа тұлғаңызды» сыртқа шығарыңыз.
6. Психологқа барудан ұялмаңыз. Маман көмегі үлкен пайдасын тигізуі мүмкін.
7. Өзіңізді өзге адамдармен ешқашан салыстырмаңыз.
Сәттілік тілейміз!
Сурет medicini.info сайтынан алынған