- Негізгі бет
- Психология
- Ұялшақтықтан қалай арылуға...
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? #2
Ұят – адамзаттың адамгершілік ар-ожданын, адами болмысын сақтап, көптеген келеңсіз жайттан құтқаратын қасиет. Ұяттың арқасында біз әдепті, мәдениетті өмір сүреміз, жақындарымыздың қас-қабағына қарап, қарым-қатынас орнатамыз.
Сол баяғы балалық қылығыңыз үшін ата-анаңыздан қазір кешірім сұраңыз. Ата-анаңыз бұл оқиғаны әлдеқашан ұмытып та қалған болар. Бірақ олардың кешіргені сіз үшін маңызды. Сондықтан бар батылдығыңызды бойыңызға жинап, ата-анаңызбен сөйлесіңіз. Ата-анаңыз сізге кешірім бергеннен кейін мойныңыздан ауыр жүк түскендей, жеңілдеп қаласыз.
Орынсыз ұялшақтық адамның жеке басы үшін зиян. Кейде адамдар ұялшақтықты ұяңдықпен шатастырып жатады. Ұяңдық бойжеткендерге тән, жағымды қасиеттерінің бірі.
Ал өз құқығыңызды қорғау, біреудің жағымсыз, зиянды әдеттеріне ілеспей, бас тарту ұятсыздыққа жатпайды.
Біреудің шылауында кетпей, қалай жеке басыңыздың тәуелсіздігін қалай сақтап қала аласыз?
Әрине адамның күні адаммен. Алайда кейбіреулер екінші адамды өз мүддесіне толық пайдаланып, «жегіп» алады. Сол себепті орынсыз айтылған өтініштен бас тартып үйреніңіз.
Біріншіден, айтылған пікірді ой елегінен өткізіп, салмақтаңыз. Сізге оның қандай пайдасы мен зияны бар? Оны істеуге мүмкіндігіңіз (физикалық, материалдық, т.б.) жете ме?
Екіншіден, әркім өз мақсатын өзі жүзеге асыруға тиіс, себебі арман, мақсат адамды алға жетелейтін күш. Мақсатын орындаған адамда өзіне өзі ризашылық сезімі пайда болады. Әрі қарай да жетістіктерге жетуге шабыттанады. Егер біреудің арман-мақсатын екінші адам іске асырса, онда қандай мән-мағына бар?!
Үшіншіден, егер сіз біреудің мақсатын орындаудан бас тартсаңыз, онда әлгі адам өз бетімен жұмыстанып үйренеді. Өз өміріне жауапкершілікпен қарауға әдеттенеді.
Төртіншіден, өзіңізді кінәлі сезінбеңіз. Балық аулай білмейтін адамға бір рет дайын балықты әкеліп берсеңіз, келесі жолы сіз жанында болмай қалғанда қандай күй кешетінін ойлаңыз. Сондықтан оған қармақ сатылатын дүкеннің қай жерде екенін айтыңыз.
Бесіншіден, әлгі адамға көмектесуден бас тартқанда ақталмаңыз, оған айғайлап, тіл тигізбеңіз. Қысқа түрде көмектесе алмайтыныңызды ғана айтыңыз. Бұл эгоизм емес, қармақ сатылатын дүкеннің мекенжайын беру.
Сурет: Baltabek Kozhanov Studio
Оқи отырыңыз:
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?
Аруларға қандай сыйлық лайық? 2
Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес
Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес #2
Ф. Абилова