Ұялшақ жандардың артықшылығы

Ұялшақ жандардың артықшылығы

Американың психология мамандары ұялшақтық адамның кемшілігі болғанымен, оның да көптеген тиімділігі мен артықшылығы бар деп есептейді.

***

Ұялшақ адамдар зерек келеді. Өйткені, әдетте олар аз сөйлеп, көп тыңдайтын, көп әрекеттеніп, көп ой жүгіртетіндіктен, қағілез келеді дейді.

***

Ұялшақ адамдар сенімді болады. Көптеген адамдар ұялшақ адамдарға сенім артады екен. Өйктені, олар басқа біреуді жамандап «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай» етіп сөйлемейді.

***

Ұялшақ адамдар басқалармен селбесе алады. Өйткені, олар топтық ортада өзін көрсетуді жақсы көрмейді де, басқалардың қамын жейді.

***

Ұялшақ әйел заты баурағыш келеді. Өйктені олардың мінезі жайсаң болып, артық жаман мінезі болмайды. Сонымен қатар, көптеген ұялшақ адамдардың алған тәрбиесі мол болып, кітап оқу мен естелік алуға әуес келеді.

***

Ұялшақ адамдар басқаларды қадірлеп, түсіне біледі. Әңгімелесу барысында олар мұқияттылықпен сізді тыңдап, сөзіңізді бөлмейді.

***

Ұялшақ адамдар жанкүйер сырлас досыңыз бола алады. Қарсы жағы сенімді, адал болғанда, сізге бар ниетімен көмектесіп, достықты қорғау үшін құлшынады.

***

Ал психологиялық санаққа негізделгенде ұялшақ адамдардың некесі әлдеқайда тұрақты болады екен. Өйткені олар күйеуіне (әйеліне), отбасына көңіл бөліп, аялай біледі дейді.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек