- Негізгі бет
- Психология
- Үй иесін ...
Үй иесін үй жағдайына қарай анықтау
Үйге кірген мезетте үйдің ішін аралап көріп шыққанға не жетсін?! Әсіресе көп қабатты жер үй болған болса, неге араламасқа? Үй ішін аралап жүріп, көзге түскен барлық заттар кімнің қызығушылығын арттырмайды? Таныс емес ортаға тез сіңіп, үй иесі туралы баға беруге де болады. Үйдің ішіндегі заттардың орналасу тәртібі бойынша үй иесі туралы көптеген мәліметтер ала аласыз. Олардың қызығушылығын, білімін, тәрбиесін, жұмысын және басқа да қызықты мәліметтерді алуға болады.
Үй ішінің рәсімделуі бойынша ер кісілерді бес топқа бөліп қарастыруға болады.
Көпті көрген ер жігіт:
Мұндай ер кісілердің үйінде максимум бос орын және минимум заттар болады. Тоңазытқыштың іші тола азық-түлік, бірақ сыртта өмір құлпырып, тап-таза болып тұрады. Бұл ер кісілер өмірде тұрақтылық пен жайлылықты бағалап, шиеленіс тудыратын жағдайлардан үнемі сақ болып жүреді. Өмірінде үлкен табысқа жетпесе де, өз жанұясында жақсы әке ретінде көзге түседі.
Оқымысты ер жігіт:
Оқымысты деген атынан да түсінген боларсыздар. Яғни ол жігіттердің үйлері шаңға толған кітаптардан бастап, ескі құжаттарға толы мұрағат. Бұл сорттағы ер жігіттер мансап биігіне жетсе де, кез келген әйелдерге осындай хаосты өмірде уақыт өткізу оңайға соқпасы анық.
Мақтаншақ ер жігіт:
Уақытының көп бөлігін үй сәнімен өткізеді. Бірақ та үй ішінде істеген әрбір сән жобасы, үйді мұражай етіп тастайды. Яғни әр сөре мен қабырға өзінің сүйіктісімен түскен суреттері және досының берген немесе сатып алған қымбат кәдесыйға толтырылады. Бұл жігіттердің менмендігі әрбір әйелді сөредегі кезекті кәдесыйға ұқсатады. Өз ісінің болуы үшін қолынан келегеннің барлығын жасайды, ол үшін басқалардың сезімі маңызды емес.
Әзілқой ер жігіт:
Басты белгілері: үйдің іші шашылған, ыдыс-аяқ жуылмаған, тоңазытқыш ішінде түк те жоқ. Бірақ, бұл жігітпен өмір қызық. Яғни үй ішіндегі жағдайға қарамай, сөзді әзілге бұрып, күнде үйдің іші мейрамға толы болады. Сүйіктісі үшін керек десеңіз, тауды да төңкеріп жіберуге дайын.
Есепқой ер жігіт:
Бұл жігіттің үйі ұқыпты түрде тазаланған, әрбір заттың өз орны бар. Үй интерьерінің түсі есеппен жасалып, артық жерін табу қиынға соғады. Өмірде өте пысық болғанымен, махаббат сезімін білдіруі көкейкесті мәселе болып табылады. Олар үшін басқаны сүйгені немесе уайымдағаны туралы жеткізе білу ең қиын істердің біреуі.
сурет: woman.ru
a. aaa