Адамды туған жұлдыз белгісіне қарап, өмірлік ұстанымын анықтауға болады. Мына сөйлемдер бір сөзбен бірнеше мағына ұқтырады. Сіз қалай түсіндіңіз, ұстанымыңыз бен жұлдызыңыз сәйкес келе ме екен? Байқап көріңіз.
Тоқты
Алдымен істеймін, кейін ойланамын.
Мен әрдайым жас болып қала беремін.
Жаныңдағы адамның сөзін соңына дейін тыңдау не деген қиын еді.
Менімен сөз таластырмаған дұрыс.
Қырсықтықтың айыбы жоқ.
Мен сияқты әрекет ет, бәрібір менен жақсы нәтижеге жете алмайсың.
Басқалар тоқтап қалған кезде, мен тек биікке өрлеймін.
Өз эмоцияңа қарағанда, жағдайды бақылауда ұстау оңай.
Бәр торпақ – жақсы, екі торпақ – көптік етеді.
Бірінші болып бас салмаймын. Бірақ біреу шамыма тие көрмесін!
Торпақ
Әдемі рауаннан (закат) әдемі диван жақсы.
Екінші аста ішкенде қуатыңды үнемдейсің.
Жөніне отырған адамға тиіспе.
Бір рет қолданылатын бұйым маған арналмаған.
Тағам – ойнайтын нәрсе емес.
Дегустатор (дәм айырушы) – нағыз арналған сипаттама.
Ерке бұзаудың екі енесі бар.
Ақшаны қыдыруға емес, пайдалы бұйым сатып алуға жұмсаған жөн.
Маған басқалар керек емес, маған тиесілі адамдар мен нәрсеге саусақ ұшын да тигізбеңіз.
Қатал өмір жұмсақ ұрыстан жақсы.
Егіздер
Жағдайды бақылаған адам ақпаратқа қанық болады.
Идея басқа тамақтар сияқты бұзылып кетпеуі керек.
Бір ақыл жақсы, екі ақыл да бір адамға тиесілі болса, тіптен жақсы.
Бір телевизор, үйде телефон – жақсы, үшеуі де болса – одан да жақсы.
Базарда "базар" жасамаймын.
Анда да, мында да фигаро.
Үлгермедің бе, кешіктің.
Мен үшін саны маңызды, сапаға көңіл бөлетін уақытым жоқ.
Теңіздегі өлі балықтай ағыспен жүзбеймін, есесіне тез қозғаламын.
Мен бүгін кешегіден өзгерекпін.
Шаян
Әлемде барлық адамды шыдаммен және тәттімен қамтамасыз ету керек.
Тоңазытқышың толып тұрса, басқа не керек.
Үйім – қорғаным.
Достарыңмен кафеде емес, үйде бас қос.
Ақша жинаған жақсы, бірақ оны тек лайықты нәрсе алу мақсатында жинаған дұрыс.
Өткен өмірімді сөмке секілді арқалап жүре беремін.
Пәлтені қалайша жиырма жылда тоздыруға болады?
Күте білетін адамға барлығы уақытында келеді.
Басқаларды мәпелеу – ең бірінші ұстанымым.
Арыстан
Тәрбиеңіз жақсы болса жетістіктің жартысына жеттім дей беріңіз.
Үйде ойнай білетін ешкім болмаса да, пианино емес, рояль болғаны жақсы.
Жоғары жалақыдан есікте ілінген әдемі кесте маңыздырақ.
Жалақым жоғары болғанын жақсы көремін, ал оны құртуды бәрінен де жақсы көремін.
Түрім тартымды болғанымен, билікшіл, өктем адаммын.
Күн арыстандарға көбірек шуақ шашады.
Мен жаныңызда жүргенде, сіздерге күннің не қажеті бар?
Басқадан қолдау күткенше, өзің біреуге қолдау көрсеткен артық.
Мен сіздерді жарықтың қиырына жеткіземін.
Бикеш
Инабаттылық қызды ғана емес, бикешті де жақсы көрсетеді.
Әркім өзі үшін өмір сүреді, бірақ басқалар үшін қызмет етеді.
Әр бикештің ішінде керемет ару жатыр.
Ауқымды аймақта өзімді жоғалтып алуым ықтимал.
Біз бір біріміз үшін жаралғанымызды логикалық тұрғыда дәлелдеп берші.
Шелек толы шие тұрса, шиесінен ажыратып жеу қиынға соғады.
Шыдам мен еңбек бәрін де жеңбек.
Әдемі реттелген сөреге бірден көзім түседі.
Үйде де, түзде де, ойда да, мида да реттілік болуы керек.
Таразы
Барлығының ыңғайына қарай жығыламын.
Серіктесі жоқ жан – шұнақ адаммен тең.
Әр істің соңына нүкте қоя білу керек.
Тек ақымақтар ғана айтқанынан қайтпайды.
Ең жек көрініштісі – салғыласу.
Келісіп тұрып, жеңіп шық.
Кімге жақ екенімді өзім де білмеймін.
Ең қиыны – тәуекелге бару, шешім жасау.
Сарышаян
Сарбаздар болмаса, әлемге қауіп төнеді.
Мені кактуске теңеуге болады. Гүлімді тек таңдаулыларға ғана ашамын.
Майдан алаңында да айтар әнім махаббат туралы болар еді.
Барлық нәрсе диван сияқты, әрқайсысында жасырын серіппесі (пружина) болады.
Әр нәрсенің себебіне үңілу қажет.
Шағып алатын адам болмағаны өкінішті.
Көзқарасыма кез келген жан шыдай алмайды.
Барлығынан құтылсам да, қорқынышымнан арыла алмаймын.
Құштарлығым биікке секіретін акула сияқты, сыртқа жиі шықпайды.
Күлу үшін шынайы себеп керек.
Мерген
Ең жақсы демалыс – бүкіл әлемді аралау.
Кісіге керек кезімде, бәрін де кешіремін.
Адам айналасындағы араласатын адамдарымен ғана сәні кіреді.
Уәдесінде тұрмайтын адам міндетті түрде сөзінде тұрып үйренуі тиіс.
Маған ренжу мүмкін емес.
Мәселе туындағанда, оның үлкен-кішілігі ғана маңызды.
Алдын ала уайымдау түкке де қажеті жоқ, бәрін іс барысында шешеміз.
Біреудің намысына тию? Ол не?
Қасқыр мінезді кісілерді жақсы көремін.
Жақсы адамдар көп болуы тиіс.
Тауешкі
Өмір отарба (пойыз) секілді. Әр бекетке кесте бойынша келеді.
Заңды бұзба, айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады.
Үйде отырып, алыс елдерді сөз ету қызықты.
Мен ғана жыл сайын жасарып отырамын.
Мен спринтер (жақын қашықтыққа жүгіруші) де, стайер (ұзақ қашықтыққа сайысушы спортшы) де емес, марафоншымын.
Тоқтамай, жүре беремін. Жалықсам, түсіп кете саламын.
Нағыз тауешкі коньяк тәрізді, төзімділігімен ерекшеленеді.
Бір-ақ рет төменге түкіру үшін, өмір бойы жоғары ұмтылып өтуге бармын.
Майдан алаңында жалғызбын.
Өзім үшін көп нәрсе қажет емес. Менің байлығым – жетістігімнің көрсеткіші ғана.
Суқұйғыш
Ескішілдік – ессіздің еншісі.
Періште болу қиынға соқса да, сол жолда таймау керек.
Өмірде төсектен де маңызды нәрселер көп.
Егер сені мен ойлап шығарсам, дәл мен сияқты болар едің.
Менен асқан мейірімді жоқ, менен артық ширақ та жоқ.
Жылы сөз жақсы істен де артық.
Бәрінен достар маңызды. Уақыт артылса ғана, отбасыға арнауға болады.
Болашақ ғажап болуы тиіс.
Біреулерге еліктеп өмір сүруден қалай жалықпайсыздар.
Балықтар
Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
Реттілік дегенді іш пыстыратын адамдар ойлап тапқан.
Барлығы менің қолым бос емес екенін біледі. Бірақ немен айналысып жүргенімді білетіндер аз.
Берген уәдем орындалмай қалған кезі бар ма?
Мені ызаландырмаңдар, әйтпесе балықтай сырғанап, қолда тұрмаймын. Ешкім ұстай алмайды.
Бәрін түсінуге әзірмін, тек өзімді емес.
Сусыз өмір сүре алмайтын балық сияқты, зиянды нәрселерден бас тарта алмаймын.
Жұмысты асығыс істеу тағамды шайнамай жеумен тең.
Жел соқса тал қисаяды, ал емен қатаяды.
Жанашырлық таныту көмектескеннен де артық.