- Негізгі бет
- Психология
- Үнемдеуді тамақтан бастайық!...
Үнемдеуді тамақтан бастайық!
Бірінен соң бірі келетін мейрамдардың арқасында қалтамыз быраз жұқарып қалады. Неге алдын ала ақша қалдырып қоймадым деген секілді әттеген-ай сөздер айтылады. Адамдар осы секілді жағдайларға байланысты орташа есеппен ақшасының көп бөлігін тамаққа жұмсайды. Ақшаны көп мөлшерде жұмсамаудың тәсілдерімен таныс болыңыздар:
Дүкендегі қымбат тағамдарды өзіміз жасап үйрену
Қысқы мезгілге деп сақтап қойған түрлі салаттар мен тосаптардың арқасында қонақ келгенде дастарханымыз жайнай түседі. Қысқы азықты ауыл тұрғындарымен қатар қала тұрғындарының да жасап, жер төрелеріне сақтап қою мүмкіндігі бар.
Ақуызы бар тағамдарды аз мөлшерде сатып алу
Мүмкіндік болса ет, балық, тауық еті секілді тағамдарды фасоль, жұмыртқа сынды арзан тағамдармен алмастырып отыру керек. Жұмыртқаны күніне үш мезгіл ақуыздың орнына пайдалануға болады. Етсіз тағамдар жей алмайтындар оларды аз мөлшерде қолдануға дағдыланғандары өздері үшін пайдалы.
Әрдайым сүйегі мен майы жоқ еттерді сатып алу керек. Сүйектің өзі едәуір салмақ қосады немесе бүтін тауық етін сатып алып, өзіміз турап алсақ та болады. (Үлкен супермаркеттерде оларды турап бергендері үшін ақша алады).
Аз мөлшерде тамақтану
Үнемдеудегі басты қағиданы айтайық. Сұраныс бар жерде өнім бар екендігін мектеп оқушылары да біледі. Яғни тамақты көп жейтіндігімізден сатып аламыз. Кейбір адамдар күйзеліс кезінде көп тамақтанса, енді біреулері көз алдында тұрғанды мөлшерін білместен жеуді әдетке айналдырған. Тамақты азырақ жеудің кезі келген секілді.
Ең тиімдісі – тамақты аз мөлшерде сатып алып, оны артық қалмайтындай етіп пісіру. Бұл тәтті тағамдарға да қатысты. Үйде барды жеп үйреніп, жоқ болса сатып алмауға үйренген жөн. Бұл сымбатты дене бітімі мен қалтаның қалыңдауына себін тигізеді.
Қоспаларды алмастырудан қорықпау
Қымбат қоспалардың орнына арзанын қосуға болады. Шындығында, олардың құрамында көп айырмашылық жоқ.
Мезгілге сәйкес тамақтану
Көкіністер мен жемістерді арзандаған мезгілде сатып алып ұзақ мерзімге сақтап қоямын деп әуреге түсудің қажеті жоқ. Оларды дұрыс сақтамаған жағдайда шіріп, ақшаны босқа шығындатады.
Майда заттарға ақша құртпау
Күнделікті шемішке, кола, самса, донер секілді тағамдар арзан болғанымен, жеке бюджеттің негізгі шығындаушысы болып есептеледі. Бір айдың ішінде осындай заттарға қанша ақша шығындайтыныңызды есептеп көз жеткізуіңізге болады.
Жеңілдіктерді пайдалану
Сақтау мерзімі ұзаққа созылатын қант, ұн, өсімдік майы секілді тағамдарды жеңілдіктер мерзімінде көп мөлшерде сатып алуға болады. Жеңілдіктерді тек күнделікті тағамдарға емес, бұрын соңды дәмін татып көрмеген тағамдарыңызды жеп көру үшін де пайдаланып көрген жөн. Бұл, әрине, үнемдеуден бұрын, қызығушылыққа байланысты. Ал мерзімі көпке дейін шыдамайтын тағамдарды сатып алу үлкен қателік болып есептеледі.
Әдетте сатып алатын тағамдарға назар аудару
Кей жағдайда үйреніп қалған тағамдарымыздың арзан түрі бар екендігін байқамай қалып жатамыз. Жаңа піскен, жаңа жеткізілген тағамдарды жеген дұрыс, алайда олардың дәл осылары қатырылған түрінде кездесуі мүмкін. Ал қатырылған түрлерінің бағасы әлдеқайда арзан.
Сатып алып жатқан тағамдардың бағасына мұқият болу
Бұны тек миллионер болмағандықтан емес, алданбау үшін жасап отырған да дұрыс. Мысалы, туралған етке қарағанда, бүтін бөлшек болып келетін еттер арзан болып келеді. Оны дұрыс пайдалануды білу арқылы, дәмді тағам жасауға болады. Тағы бір мысал бөлшектелген тауық етіне қарағанда, бүтін түрі арзан бағада сатылады. Ал бүтін тауықтың етін 2-3 күндік тамаққа жеткізуге болады. Бағасы арзан арқан балықтан жасалған сорпа дәмі жағынан өзгесінен кем емес. Ең алдымен бағасына мұқият болу керек.
Әдетте дүкенде сатып алатын заттарды үйде дайындап көру
Бұл бірінші кезекте тұздықтар мен кеспеге салатын нанадарға, сусындарға қатысты айтылған. Бұны орындау арқылы ақшаны үнемдеп, жеп отырған тағамдардың жоғарғы сапасына толықтай көз жеткізуге болады. Мұнымен қатар кептірілген, қатырылған, консервіленген тағамдар арзан әрі дәмді болып келеді. Мұндай азық-түліктерді дәрумендерге толы кезінде қатырып қояды. Әсіресе, балық пен құс етін дәл осылай қатырады. Оларды керек мөлшерде ғана пайдаланып, қалғанын тоңазытқышқа салып сақтайды. Пайдаланбас бұрын тазалап жуу керек.
Жеміс-жидектерді кептірілген түрлері алмастыра алды.
Үнемдеу жолында көмекшілерді табу
Азық-түліктерді жақын жерден сатып алу арқылы уақытты, жолға төленетін ақшаңызды үнемдей аласыз. Әдетте көше базарлары арзан болады.
Супермаркеттің ішіне кіргенде азық-түлік салатын арбаның кішкенесін алу
Психологтардың айтуынша, адам баласы бос кеңістікті толтырып отыруға ұмтылады. Супермаркетке бірнеше затты ғана алуға келген жағдайда, кәрзеңкені де алудың қажеті жоқ. Бұл ақшаны шығындаудан сақтандырады.
Жарнамаларды қарамау
Жарнамалар сананы жаулап, керексіз дүниелерді сатып алуға мәжбүрлейді. Әсіресе, тамақтарды жарнамалайтындарын көрмеген абзал.
Жұмысқа үйден тамақ апару
Үйден тамақ алып барудың арқасында бір айлық табыстың 10-% үнемделеді. Тамақтың орнына қарапайым бутербродтар да жарайды. Осылайша қандай тағам жейтіндігімізге мұқият болуға болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: geeboo.ru
Қ. Бүйенбай