Ұнатып қалғаныңызды білесіз бе?

Ұнатып қалғаныңызды білесіз бе?

Сіз төмендегідей сезімде болып көріп пе едіңіз? Дәл осы күйді бастан кешсеңіз, оны шын сүйгеніңіз. Оған жан сырыңызды ақтаруға асығыңыз...

Қаншама қарбалас болсаңыз да, телефоныңызды өшірмей, одан қоңырау немесе қысқа хат келіп қалар деп күтіп жүрсіз бе?

***

Оның қасында үнемі жалғыз қалғыңыз келе ме?

***

Онымен бір ортада отырған сәтіңізде, жалған кейіпке кіріп, оған назар аудармаған бола қаласыз. Ал ол сол ортадан кеткенде, алаңдап, мазаңыз қашады. Оны іздей бастайсыз?..

***

Ол сабаққа не жұмысқа келмеген күндер сіз үшін мағынасыз?..

***

Оның басқа біреумен көңілді әңгімесін естіп, көріп қалған сәттеріңізде ашуланасыз, тіпті оны жек көре қаласыз. Тамағыңыздан ас өтпейді?

***

Оның тәтті күлкісін көргеніңізде өзіңіздің де көңілді бола қалғаныңызды байқамай қаласыз ба?

***

Сіз бұл жолдарды оқып отырған сәтіңізде көңіліңізде тек бір-ақ адамның елесі тұрды. Солай емес пе? 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: ilady.info

Қ. Қауымбек