Дәл қазір атқарып жүрген қызметіңіз өзіңізге ұнамай ма? Олай болса, біз сізге жұмысыңызды жақсы көруге көмектесетін 10 тәсілді ұсынамыз:
1. Тілдесіңіз. Бастығыңыз сіздің кемшіліктеріңіз бен жетістіктеріңізді біле жүрсін. Бірақ еш уақытта шағымданбаңыз, тек ұсыныс жасаңыз. Яғни өзіңізге кедергі жасайтын қиын мәселелерді айтып, бірден олардың шешімін ұсыныңыз.
2. Өзіңіз үшін бір нәрсе жасаңыз. Өзіңізге ұнайтын жобаны қолға алып, қолыңыздан жақсы келетін жұмыспен айналысыңыз. Мысалы, ауруханаға барып науқастарға көмектесемін деп жүргеніңізде қағазбастылыққа тап болдыңыз ба? Ортасында науқастар мен туғандарыңыздың қалын сұрап қоюға уақыт табыңыз.
3. Қарым-қатынасыңызды жақсарта түсіңіз. Адамдар әртүрлі. Кейбіреуімен сөйлесу мүмкін емес. Бірден жанжал шығаруға дайын тұрады. Олардың ашуына тие бергенше, бір уақыт қандай көмек қажет екенін сұрап көріңіз.
4. Бір уақытта барлығын бақылай отырып, тамаша нәтиже беру мүмкін емес. Сондықтан өзіңізден жас маманды тауып, жұмыстың жартысын соған беріңіз. Көп жұмыс істеудің арқасында ғана табысқа жете алатындығын түсіндіру үшін қызыл тіліңіз сайрауы қажет.
5. Өзіңіз туралы пікірді біліңіз. Яғни өзіңіздің бір жұмысты қалай орындап жатқандығыңыз туралы ақпарат алудан қысылмаңыз. Және бұл қошемет сөз естігіңіз келіп тұрғандай болмасын.
6. Бірінші жұмыстың ең қиын бөлігін орындаңыз. Өзіңізге ұнамайтын жұмысты түске дейін орындап тастағаныңыз абзал. Оны кейінге қалдыру арқылы үлкен қателік жасайсыз. Осылайша жұмыс күніңізді жеңілдетесіз.
7. Қамқор болыңыз. Жұмыс ойыншық емес. Бірақ жұмысбасты болып кетуге де болмайды. Арасында әзіл-қалжың айта отырыңыз.
8. Командада жұмыс істеңіз. Сол кезде сізден сұралатын жұмыс та аз болады және топтық жұмыс нәтижесінде жаңа істер үйрене аласыз.
9. Жан мен тән. Екеуіне де мән беріңіз. Дұрыс тамақтанып, таңертең жаттығу жасаңыз және түнгі ұйқыңыз тыныш болсын.
10. Өмір сүріңіз. Қартайған шағыңызда өкініп қалмайтындай болыңыз. Жұмыстан өзге ғашық жар, ата-ана, достармен бірге өткізетін бақытты шақ бар. Сүйікті ісіңізбен де айналысуды ұмытпаңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: stagram.com