- Негізгі бет
- Психология
- Ұмытылмауға тиісті адамдар...
Ұмытылмауға тиісті адамдар
Өмірде сан алуан адамға жолығасыз. Кейде дұшпаныңызға, кейде алғашқы махаббатыңызға. Ең бастысы адам өзін жеңе білу керек. Оларға деген ілтипатың сені қуанышқа бөлейтін болады.
- Шын сүйетін адамыңызға жолыққанда, бірге болуға талпыныңыз. Одан айрылып қалған кезіңізде бәрі де кеш болады.
- Сенімді досыңызға жолыққанда, ыстық ықыласпен сырласыңыз. Өйткені, бұл өмірде шын сырлас жанды табу қиын.
- Қастерлейтін адамыңызға жолыққанда, оған тамаша әсер қалдыруға тырысыңыз. Өйткені, ол сізді басқа өмірге бастауы мүмкін.
- Алғашқы махаббатыңызға жолыққанда, оған ыстық ықыласыңызды білдіріңіз. Өйткені, ол сізге сүюді үйреткен адам.
- Дұшпаныңызға жолыққанда, жылы шыраймен амандасыңыз, өйткені, ол сізді тіпті де жігерлендіре түседі.
- Өзіңізге опасыздық жасаған адамға жолыққанда, онымен шешіле әңгімелесіңіз. Өйткені, ол болмағанда бұл өмірдің қараңғы тұстарын сезбеген болар едіңіз.
- Іштей ұнатқан адамға жолыққанда, бақыт тілеңіз. Өйткені, сіз бақытты етуге орай болмаған адам өзге біреуден бақыт тапсын.
- Ренжіскен адаммен жолыққаныңызда, арадағы түйінді тез шешуге талпыныңыз. Өйткені, қателік сізден болуы әбден мүмкін.
- Өмірлік жарыңызға үнемі қалтықсыз сүйіспеншілігіңізді арнап тұрыңыз. Өйткені, ендігі ыстығыңызға күйетін, суығыңызға тоңатын жалғыз адам сол ғана.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек