Екінші ереже. Есік ашу.
Әлемдік әдеп бойынша, есік ашу қашанда ерлердің жұмысы болған. Ерлер әйел адаммен келе жатса ішке кіру үшін немесе сыртқа шығу үшін әйелдің алдынан есік ашып әдептілік көрсетуі керек. Ол әйелдің таныс не бейтаныс болуы мүмкін. Сонда да! Мұндайда әйелді тану міндетті емес. Әйел адамның алдынан есігі ашулы тұруы керек. Бүгіндері бұл әдептің көзі жойылып барады. Қазіргі таңда төмен етектілерге емес, қалталылар мен зиялыларға есік ашулы тұратын болды.
Үшінші ереже. Алғыс хат.
Әлемдік әдеп бойынша, бұрындары өзіне сыйлық келген адам сыйлықты жіберушіге сол уақытта-ақ алғысын білдіріп хат жазып жіберетін. Ал бүгіндері мұндай жағдайды байқап жүрген қайсыңыз барсыз? Мүмкін бұл әдеп SMS хаттар мен әлеуметтік желілер арқылы жіберілетін хабарламаларға ауысып кетті ме екен?..
Төртінші ереже. Сыйлықты ескерту.
Әлемдік әдеп бойынша, тойға немесе туған күнге шақыру қағазына сыйлық жөнінде ескерту жасау –асқан қателік. Тіпті шақыру қағазына "Маған ешқандай сыйлықтың керегі жоқ" деп жазудың өзі де қате.
Бесінші ереже. Маңызды уақытта қонақтарды тастап кету.
Әлемдік әдеп бойынша, сізді қатты керек етіп тұрған және сіз үшін жиналған қонақтарды тастап кету үлкен әдепсіздік. Бұрындары үй иесінің құрметті қонақтарға толы өз үйінен кетіп қалуы зор мәдениетсіздік саналатын. Бүгіндері мұндайға ренжи қоятындардың саны аз.
Алтынша ереже. Кездесуге уақытылы келу.
Бұрындары кездесуге кешігіп келген адамды "сыйламайды" дегенге жатқызушы еді. Ал бүгіндері кездесуге кешігіп келген адамның бітпейтін сылтауларын естіп алып, оларды кешіргендей бола саламыз. Бірақ кешігіп келген адамды ар алдында жазалауды қойғанбыз.
Жетінші ереже. Үйдің барлық мүшесімен бірге дастарханға жайғасу.
Отбасының үлкені мен кішісі қатар жиналғанда ғана ас басына отыру керек. Ал бүгіндері бұл әдептің қаншалықты сақталып жүргендігі өздеріңізге аян.
Сегізінші ереже. Әйелдерден қарыз сұрамау.
Бұрындары ерлер қандай жағдай болса да, әйел адамдардан қарызға ақша сұрамауға тырысқан. Мұны өздеріне ар санаған олар қарызға сұрағанның өзінде ақшаны тез арада қайтаруға асыққан.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: liveinternet.ru