Әлеуметтік желілер үстемдік құрған заманда (онсыз да жұмбақ жаратылыс) адамзаттың психологиясын түсіну бұрыннан да қиынға түсті. Мамандар психология ғылымына IT заманындағы махаббатқа қатысты түрлі жаңа терминдер енгізуін тоқтатпайды. Солардың жаңасы – "Ұлы гэтсбинг".
Жалпы, осыған ұқсас "ситюэйшеншип" (деструктивті ара-қатынас) немесе "гостинг" (жақын тартып, сөйлесіп не кездесіп жүрген адамның ғашығының алдынан өтпей із-түссіз жоқ болып кетуі),"орбитинг" (бір адам екіншісін айналшақтап жүреді, бірақ жақын тартып сөйлесуге сескеніп, дистанция ұстайды) не "фишинг" (балықшының бір торына көптеген балық түскені секілді бірнеше адамға сезімін білдіреді) сынды ұғымдар да бар. Ал, психологтардың айтуынша, адамдар "гэтсбингтің" не екенін түсінбесе де, онымен жұрттың бәрі бейсаналық түрде айналысады екен.
Алғаш рет бұл терминді аустралиялық Матильда Додс есімді модель Tomboy beauty журналындағы мақалада пайдаланған. Гэтсбинг — адамның әлеуметтік желіге видео, фото не өзге де жазбаларды нақты бір адам көрсін деген мақсатпен салуы.
Мысалы, сіздің бәсекелестеріңіз бар делік. Сіз өз өміріңіздің қаншалықты "қызықты" екенін көрсету үшін достарыңыздың арасында көңілді кеште отырған суретті жүктеп, бірнеше минуттан кейін оны "әлгілер" көрді ме екен деп тексереді екенсіз.
Термин атауы Фрэнсис Скотт Фицджеральдтың "Ұлы Гэтсби" романындағы басты кейіпкер құрметіне қойылған. Ол өзі туралы "аңыз" сөздер күндердің бір күнінде сүйіктісі Дэйзидің құлағына жетер деген мақсатпен әр түн сайын Лонг Айлендті "басына көтеретін" кештер ұйымдастыратын.