- Негізгі бет
- Психология
- Улы дәрі...
Улы дәрі
Сұрапыл соғыс кезінде сардар аяқ-астынан ауырып жығылады. Шипагер тексеріп көріп: «Мен сізге дәрі әзірлейін, демде дайын болады» дейді.
Шипагер кете салысымен, сардардың атқосшысы келіп: «Бұл шипагер туралы ол жаумен астасқан деген күмән бар, дәрісін байқап ішіңіз» дейді.
Сардар үн қатпайды.
Дәрі де көп өтпей сардардың алдына дайын болады. Ыстық дәрінің буы бұрқырағанда, атқосшыдан да тер моншақтап кетеді. Сардар ешқандай да әрі-сәрі болмастан дәрі құйылған кесені қолына алып, салқылдатып жұтып жібереді. Науқастан да жазылып, соғыста зор жеңіске жетеді. Атқосшы сардардан дәрі жөнінде сұрайды. Сардар күліп тұрып: «Нағыз улы дәрі – ол өсек екен» дейді.
Авторы: Джау Кай
Аударған: Қанат Жұмаш
Сурет: wallpapermania.eu
M. Auelkhan