Үлкендер неліктен даңғаза әндерді тыңдай алмайды?

Адам есейген сайын жоғары дауыстық жиілікті ести алмайды. Mosquito технологиясы пресбиакузис деген медициналық құбылысты анықтаған. Бұл құбылыс адамның 20 жастан кейінгі жастағылар бірте-бірте жоғары дауыс жиілігін (18-20 kHz) естуден қалатынын түсіндіреді.

Бұл принципті батыс елдерінің тәртіп сақшылары көшеде улап-шулап жүрген жастарды таратуға қолданған. Арнайы құрылғы арқылы 18-20 kHz дауыс жиілігін қосқан кезде бұл дыбысты жастар естіп, мазалары қашатын болған, ал қарттар бұл дауысты мүлдем естімейді. Бірақ уақыт өте келе бұл құбылысты жастар да өз қажетіне жаратып алды: мәселен сабақ кезінде мұғалім естімеу үшін оқушылар өзінің телефонына осы жиіліктегі дыбысты қойған, ал мұғалім оны естімейді. Шын мәнінде ультра-дыбыс 20 жастан асқандаға мүлдем естілмейді. Мысалы оқушылар Mosquito дыбысын пайдалана отырып, "Teen Buzz" әнін жазып шыққан. Бұл арқылы олар сабақ кезінде де SMS хабарлама алып, телефонға жауап бере алатын болды.

Бұл дыбыстарды жас мөлшеріңізге байланысты сіз де тыңдап көрсеңіз болады:

8 кГц. Бәрі ести алады

12 кГц. 50 жастан кішілер ести алады

14 кГц. 45 жастан кішілер ести алады

15 кГц. 40 жастан кішілер ести алады

17 кГц. 24 жастан кішілер ести алады

22 кГц. 18 жастан кішілер ести алады

Мәселенің мән-жайын түсініп алған соң "Үлкендер неліктен даңғаза музыканы тыңдай алмайды?" деген сауалға жауап берейік. Әннің ұрмалы аспапта орындалатын және әртүрлі дыбыстық жиілікте ойналатын әрқандай иірім аккордтары болады. Жастар сол әдемі иірімдерді тыңдай алатын болса, ересектер мен егде жастағылар әннің тек даңғырлаған ұрмалы аспабын естиді. Бұдан шығатыны: үлкендер осы себепті жастарға ұнайтын әнді жақтырмай жатады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет:m-area.org