Балалық шақ – адам өмірінің ең бақытты кезеңі. Әттең, мұны барлығымыз да кеш түсініп, тезірек оқуды бітіріп, үлкен өмірге қадам басуға асығамыз. Біздің эмоцияларымызды ескеріп, көңілімізге қарайтын ата-анамыз, туған-туысқандарымыз бар кезде ешнәрседен қорықпаймыз. Өкінішке орай, балалық шақ әйтеуір аяталады.
Балалық шақ ЖОО-на тапсырып, қоғамның талаптарына сай болуы керек екенімізді түсінген кезде аяқталады. ЖОО-да оқу керек, армияда сержанттың, жұмыста басшының айтқандарын орындап, отбасылық өмірде жарымыздың қалауымен санасып, ал дүниеге бала келген кезде осы ерекше жаратылыстың тілегін жүзеге асыруға тиіспіз. Аталған ситуацияларда бала күнімізде қалыптасып қалған эмоциялар ешкімге әсер етпейді. Ал оны көрсету арқылы өзімізге жамандық жасаймыз. Университетте ұстазымызға балл қоймадың, бастығымызға жоғары жалақы төлемедің, әріптестерге менің айтқанымды орындай қоймадың деп ренжу бекер. Сізге жанашырлық танытып, назыңызды тыңдайтын адам табылар, алайда жанжал шығарушылардың бірі деп жұмыстан шығарып жіберулері де ғажап емес.
Десе де бала күніміздегідей эмоциялар ойынын ойнап, біздің ырқымызға көнетін достарды табу мүмкіндігіміз бар. Өмір қатал болса да, біздің жанымыз бен жүрегімізді түсінетін адамдар міндетті түрде табылады. Біздің жақын адамдарымыз бен достарымыз – балалық шаққа бір минут болсын қайта оралуға мүмкіндік беретін жандар.
Сурет: вк желісінен