- Негізгі бет
- Психология
- Ұжымды басқару қиын...
Ұжымды басқару қиын ба?
Ортақ жұмыстың алға басуы үшін қызметкерлер мен басшы арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Әрқайсысының жеке өмірі, мәселесі, айтары бар. Олардың әрқайсысын жақсы басшы тыңдай алады. Ал сіз ше?
1. Өз ісіңізге адал болыңыз. Оның келешегі мен сәттілігіне, сұранысына күмәнсіз сеніңіз.
2. Қызметкерлермен әріптес ретінде қарым-қатынас сақтаңыз.
3. Жұмыскерлердің жұмысқа ынтасын арттыратын жағдай жасаңыз.
4. Қызметкерлермен жұмысқа байланысты кез келген ақпаратпен әрдайым бөлісіп отырыңыз. Олар неғұрлым көп білген сайын, соғұрлым өзара түсіністік тереңдейді.
5. Үйреншікті істердің ығына берілмеңіз. Жалпы, өзіңіздің жеке соқпағыңыз болуы, оны жаңғыртып отыруыңыз керек.
6. Бәсекелестерге қарағанда өзіңіздің шығындарыңызға көбірек көңіл бөліңіз.
7. Қарамағыңыздағылардың жұмысқа пайдалы үлес қосатын істерін жоғары бағалап отырыңыз. Шын көңілмен, орынды айтылған мақтау қызметкерге жақсы әсер етеді.
8. Жетістіктеріңізді атап өткен артық етпейді. Ал қателіктеріңіз үшін тым қапаланбаңыз. Оған күле қарауды үйреніңіз. Әрқашан көтеріңкі көңіл-күйде болуға тырысыңыз.
9. Қызметкерлерді жиірек тыңдаңыз, өзара жақсы сыйласыңыз.
10. "Қызметіңізді тұтынушыларға" ұнайтын нәрсені олардың ойына келмей тұрып іске асырыңыз. Сонда оларды жоғалтпайсыз, жұмысыңыз өрге басады.
Г. Берік