Уақыт ырғағы мен ағзаның бірлігі

Уақыт ырғағы мен ағзаның бірлігі

Күнде асығамыз. Таңертең ұйқымыздан тұра сап, жұмысқа не сабаққа қарай жүгіреміз. Біздің ағзамызда екі түрлі биологиялық сағат өмір сүреді. Біріншісі табиғи ырғақпен жұмыс істесе, екіншісі әлеуметтік сигналдарды қабылдау арқылы әрекет етеді. Мысалы, оятқыштың дыбысы т.б. Осы екінші сағат бірінші сағатқа қарағанда, бізге мықтырақ әсер етеді. Сондықтан, біз кейде тіршілік ырғағына ілесе алмай, соның салдарынан ағзамыз зиян шегеді. Физиология тұрғысынан қарағанда, табиғи ырғаққа ілесе алмау ағзамызға зиянды. Тірі ағзаның биоырғақтары қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделген. Күзде, қыста, көктем мен жазда ағзамыз сол кезеңнің уақыт ырғағына ілесе алатын мүмкіндікке ие. 

Бүгінде телефонмен сөйлесіп отырып, көлік жүргізу, ғаламторда бірден бірнеше сайттармен жұмыс істеп отыру әдетке айналып кетті. Яки, бір уақытта бірнеше іспен айналысу және әлбетте барлық істерді тиянақты орындау әбден мүмкін. Жүйке жүйесі бір уақытта бірнеше ақпаратты қабылдап, саралап, оған жауап айта алады. Мысалы, бір уақытта қасыңда отырған адаммен сыпайы сөйлесіп отырып, смспен біреумен ұрсыса аламыз. Ағза бір мезгілде бір-біріне қарама-қайшы іс-әрекеттер жасауға қабілетті.

Қорғану қажет болған жағдайда көмекке келетін жүйелер әрқашан іске қосылып тұрады. Күйзеліс гармондары - кортизол, катехоламин, адреналин тек бізге керек уақытта ғана емес, үнемі ояу отырады. Біз әрбір 90 минут сайын босаңсып отыруға мүдделіміз.

Өз-өзімізді қолға алып, іске тиянақты кірісу оны сәтті бітіруімізге әкеледі. Юлий Цезарь бір уақытта оқып, жазып, сөйлесе алған. Және ол тек жазып отырған адамға қарағанда, сөйлеп, оқып отырып, анағұрлым ұқыпты жаза алған. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: woman.ru

Р. Роза