- Негізгі бет
- Психология
- Уақыт өзі түсіндіреді......
Уақыт өзі түсіндіреді...
Өмір мен қоғам жайлы түсінік санада туа сала қалыптаспайды. Ол өсіп-өне келе айқындала түседі. Сіз оны түсінем дегенше, өмір шындығына тек біреудің көзімен ғана қарап отыра аласыз. Бірақ біреудің санасымен өмір сүре алмасыңыз анық. Біз бүгін уақыт өте түсінуге болатын бірнеше шындықты жария етеміз.
* Кейде сіз алған білім табысты болуыңызға түк те көмектесе алмайды. Өйткені көп жағдайда баптан гөрі, бақ жүйректеу болып жатады.
* Іске аспаған жақсы идеяның көк тиын да құны жоқ.
* Біз бүгін бастамаған ісімізді ертең аяқтай алмаймыз.
* Біз жоспарларымыз күйреп, армандарымыз күл-талқан болғанда өмірді осымен тоқтап қалды деп ойлаймыз.
* Кемшілігі көп жоспары бар адам, мүлдем жоспарсыз адамнан мың есе жақсы.
* Өмірде біз түсінбейтін, түсінуге қақымыз жоқ жайттар болғаны дұрыс.
* Ешкім жолыболғыш болып тумайды.
* Кез келген адамның жақсы да, жаман да тұстары болады. Олар тек бір тұспен ғана көп әрекет жасайды.
* Егер көп қателеспесек, жақсы идеялар тумайды.
* Бақытты және табысты болу – екеуі екі түрлі жол.
* Өмірде кез келген жағдайда таңдау болады.
* Өмірде дағдарысқа ұшыраудан қорықпаңыз, ол жаңа белес бастауға деген демалыс қана.
* Қиын уақыттар адамда мәңгі емес. Егер адам өз өміріне көңілі толмаса, оған мұндай күндер өмір бойы бітпейтіндей көрінеді.
* Адам ақшаға сезімсіз дүниелерді ғана сатып ала алады...
* Өмірде әке-шешенің қадірін өмір бойы түсінбей өлетіндер көп.
Сурет: amur.kz
А. Әбілхан