- Негізгі бет
- Психология
- Уақыт жұмыстың сапасын...
Уақыт жұмыстың сапасын өлшемейді
Бүгіндері «табысқа ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп, маңдай тер төгілген жағдайда ғана жетуге болады» деген түсінік қалыптасқан. Әрі бұл түсінікті ғылым дәлелдеген. Ғылымның өзі біздерді ұзақ уақыт бойы еңбектенбесек, дұрыс жұмыс жасап жатқан жоқпыз деп сендірді. Мұнымен қатар, бүгінгі таңда экономикалық жағдай шамадан тыс жұмыс істеуге көндіруде. Кейбіреулері 12 сағаттан артық жұмыс жасайтындықтарын айтып мақтанады. Алайда әрбір құбылыстың екі жағы бар. Егер өмірді ұмытып, жұмысты ғана ойлаған жағдайда өмірден дәл сондай жауап күтіңіз. Ол да сізді елеп-ескеруді қойып, уақытыңыздың жоқтығын байқаған соң жаныңыздан өте шығады. Бұнымен аяқталған жоқ. Annals of Internal Medicine журналына жарияланған мәліметтер бойынша, жер бетіндегі 11 сағаттан артық жұмыс жасайтын адамдардың 67%-ы жүрек ауруына шалдығатындығын дәлелдеген. Өзге британдық ғалымдар 11 сағаттан артық жұмыс істейтін 2000 қызметкердің күйзеліске жылдам бой алдыратындығын анықтаған.
Бір күнде шамадан артық жұмыс істеу туысқандармен қарым-қатынаста және жеке өмірге кедергі келтіруі мүмкін. Бұны қалай реттеуге болады? Уақытты жұмысты жақсы орындап, жеке өмірге де қалдыра аламыз ба? Шындығында, ұзақ уақыт бойы орындалатын жұмыстар тапсырманы жақсы атқаруға көмектесе бермейді. Достар, бар мәселе оның өнімділігінде. Заманауи зерттеулер табысқа жұмыс пен демалыстың тепе-теңдігінің арқасында жетуге болатындығын айтады. Оны төмендегі ережелердің көмегімен тексеріп көрулеріңізге болады.
1. Назарыңызды бір күнде орындалуы тиіс 3 іске ғана бағыттаңыз. Бұны іске асыруға көмектесетін қағаздан жасалған, компьютерлік, мобильді және өзге де мыңнан астам құрылғылар бар. Бұндайларды ертеректе де пайдаланған болулары мүмкін. Осылардың орнына күнделікті таңертең 5 минутыңызды бөліп, міндетті түрде орындалуы тиіс 3 істі ойлаңыз. Артынша бар күш-жігеріңізді осы қысқа тізімді орындауға бағыттаңыз. Бастапқыда қиын болғанмен, жұмыстың өнімділігін арттыруға пайдасы зор.
2. Күніне 30 минуттық жаттығу. Барлығымыз да физикалық жаттығулардың денсаулығымызға пайдалы екенін білеміз. Ал дәл сол жаттығулардың миымызға пайдасы бар екендігін білесіздер ме? Гарвард медицина мектебінің психологы, “Spark: The Revolutionary New Science of Exercise and the Brain” кітабының авторы John Ratey физикалық жаттығулардың күйзеліске төтеп бергуге, білім алуға, ойларды айқындауға көмектесетіндігін айтады.
3. Жұмысты ерте бастап, уақытында бітіріңіз. Табысқа қол жеткізген адамдардан сағат қаншада тұрасыз деп сұрасаңыз, артынша берген жауабына таң қалуыңыз мүмкін. Олар ерте оянады. Таңертең кедергі жасаушы факторлар аз болып, жұмыстар жылдам атқарылады. Өзіңізді жақсы сезініп, келесі күнге дейін күш-қуатқа толы боласыз.
4. Уақыттарды нақтылаңыз. Паркинсон заңы бойынша, әжей немересіне 1 жыл бойы хат жазса, немересі де дәл солай жасайды. Немесе бастық бір тапсырмаға 3 күн берсе, тапсырма сол 3 күннің ішінде ғана орындалады. Жұмысқа қанша уақыт бөлінсе, сол уақытта ғана дайын болады. Сол себепті әрдайым қысқа уақытта көп жұмыс тындыруға тырысу керек. Және олардың нәтижелілігіне де мән берген жөн.
5. 80\20 ережесін пайдаланыңыз. Көпшілік 20% күштің, 80% нәтиже әкелетіндігін біледі. Мақаламызға сәйкес айтар болсақ, ең маңызды деген жұмыстарға көбірек көңіл бөлініп, қалғандарына аз уақыт жұмсаған жөн.
6. Мульти тапсырмаларға «жоқ» деп айтыңыз. Бір-біріне байланысы жоқ істермен айналыса отырып, нәтиже алу қиын. Шындығында, назарымыздың бөлінуі күш-жігеріміздің жылдам сарқылып, жұмыстың өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Мичиган университетінің ғалымы David Meyer-дің айтуынша, әртүрлі тапсырманы орындау қателердің көптігіне, жұмыстың баяу жүруіне алып келеді. Өнімділікті арттырғыңыз келсе, бір істі бірден орындауға үйреніңіз.
7. Қажетсіз ақпараттарды ысырып тастаңыз. Осы күндері Сахара шөлінде күннің көзі қалай көрінсе, ақпаратта дәл солай қабылданатын болды. Көздердің қараюы, ойды жинақтай алмау, ұйқының бұзылуы секілді белгілері де ортақ. Бұндай жағдайда «4 сағаттық жұмыс аптасы» кітабының авторы Тим Феррис ақпаратты аз қабылдауды ұсынады. Қалай ойлайсыз, сізге міндетті түрде электронды хабарламаларды, газеттер мен журналдарды оқу керек пе? Және Facebook секілді желілерге, теледидар қарауға көп уақыт бөлгеніңіз қаншалықты дұрыс? Бұлардың орнына қажетсіз ақпараттарды ысырып, уақытыңызды істің өнімділігіне жұмсап көріңіз.
8. Ойлануға уақыт бөліңіз. Бұл сөйлемді ой мен ақылды күн көріс көзі ретінде пайдаланып жүрген адамдар түсінбей қалуы мүмкін. «Онсыз да күні бойы жұмыста отырып ойланатын болсам, оған арнайы уақыт бөлудің қаншалықты қажеті бар?». Мәселе сізге сайтыңыздың логотипін немесе газет-журналдарыңыздың өтімділігін ойлап жатпайтындай уақыттың керектігінде. Өмірдің мәні, сүйікті адамдарыңыз және мәңгілік пен уақытша дүниелердің байланысын ойлайтындай уақыт қажет. Өзіңізді ешкім де мазаламайтын жер тауып, жұмыстан басқасының барлығын отырып ойланыңыз. Бастапқыда біртүрлі көрінгенмен, артынша үйреніп кетесіз. «Құпия жеріңізге» жиі барып тұруды ұмытпаңыз.
Дәл осы жерге дейін оқып болған соң, оларды жүзеге асырып келіп отырғандығыңыз болар. Алайда барлығын бірден орындаймын деп, бірнеше кеменің басын қатар ұстап жүрмеңіз. Бастапқыда бір кеңесті ғана назарға алып, іс жүзінде тексеріңіз. Кейін ары қарай жылжуға тырысыңыз. Ең бастысы артылған уақытыңызды сүйікті ісіңізге арнаңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru, vitamarg.ru
Қ. Бүйенбай