Алдыңғы толқынның кейінгі толқынға көңілі толмайтын жағдайы бар. Кез келген ұрпақ кейінгіге күмәнмен қарайды. Бірақ бір шындыққа тура қарау керек: қанша жерден аға буынның іні буынға көңілі толмағанымен, бүгінгі заманда жастар көп мәселеде озық кеткен, әсіресе ақпараттық-технологиялық тұрғыда олардың білмейтіні жоқ. Оның пайдасынан зияны көп деп аға буынның да көңілі толмайтын жайы бар. Оны нақты фактілермен дәлелдеп көрейік:
1. Тұлғаның нарцисстік құлдырауы 65 жастан жоғары адамдарға қарағанда, жастарда үш есе көп кездеседі. Бұл дертке ұшырағандардың саны 2013 жылдың студенттерінде 1986 жылмен салыстырғанда 58%-ға артық.
2. Миллениалдардың 40 пайызы сайыстардан жоғары нәтиже көрсетіп, екі жыл сайын жұмысын нәтижесіз орындаса да, қызметтегі дәрежесі өсіп отырғанын талап етеді.
3. Атаққұмар. Психолог Кейт Кембл «Адамдар Facebook желісінде дәрежесін қампайтады. Өзінің бастаңғыларда көрсеткен ерліктерін жұртқа жайып салып, Instagram, YouTube және Twitter секілді желілерде өздерін жұлдыз сезінеді» дейді.
4. Тәкаппар. Олардың 60 пайызы ненің дұрыс, дұрыс еместігін дәл анықтай аламын деп ойлайды. Бұған қарамастан, 18-29 жас аралығындағы жастар әлі де ата-анасымен бірге тұрады.
5. Жалқау. 1992 жылғы көрсеткіш бойынша, 23 жасқа толмаған жастардың 80 пайызы жоғары жауапкершілікті талап ететін жұмысқа тұруға талпынған. 10 жыл өткен соң, бұл көрсеткіш 60 пайызға төмендеген.
6. Әлеуметтік желінің арқасында әр елдің миллениалдары бір-бірінен өзгешеленеді. Бір елдің жастарының танымы екінші елден әлдеқайда артық болуы мүмкін.
7. Байдың балаларына қарағанда, орта таптың балалары техникаға құмар болып келеді. Өз пікірлері мен қарсылықтарын желі арқылы еркін білдіре алады. Мысалы, блогшылар газетке қарсы, YouTube режисерлер мен кино студияларға қарсы, хакерлер үлкен корпорацияларға қарсы, бір ғана террорист алып мемлекетке қарсы.
8. МЕН буыны МЕН МЕН МЕН буынының күшеюіне алып келді. Бұрындары керегеде тек үлкен ата-әжелеріміздің суреті тұратын болса, қазір жанына жастардың да суреті жайғасқан.
9. Өткен буынмен салыстырғанда, азаматтық белсенділіктері төмен, саясатқа мүлдем араласпайды.
10. Болашағына деген зор сенімге қарамастан, жастар бозбалалық пен балиғат жасының арасын ұзартып алады.
11. Бүгіндері балаларға кез келген жаста ұялы телефон ұстауға рұқсат берілген. Кез келген тақырыпта емін-еркін сөйлеседі.
12. «Кімде-кім ақпаратқа ие болса – сол әлемге ие» деген сөз бар. Сол себепті миллениалдар көгілдір экран арқылы тәулігіне 24 сағат бойы әлеммен қарым-қатынаста болады. Мамандардың зерттеуінше, жастардың креативтілігі 1960-1980 жж кейін күрт төмендеп, 1998 жылдан бастап қарқынды дамыған.
13. Жас ұрпақ аузыңды ашып үлгермейінше, бәрін түсініп қояды. Олар 3-4 қадам алда келеді. Айтатындары - «Мен мынаны жасағым келеді, сосын мынаны, бірақ, оны жасамас бұрын, мынаны орындауым керек».
14. Психологтардың пікірінше, миллениалдар өте сүйкімді. Олардың үнемі позитивті көңіл-күйде жүретіндіктері таң қалдырады. Осыған дейін интернет желісінің пайдасы - 50%, зияны - 50% болған еді, қазір 90% - пайдалы, 10% - зиян.
15. Миллениалдар қолынан келмейтін істе де қажырлы әрі оптимист болып келеді. "Батырды майданда сына" дегендей, нағыз белсенділік үздіксіз шапқылаудан емес, басыңа түскен қиындыққа жылдам төтеп беруден көрінеді.
16. Атақты жұлдыздардың өмірін барынша бақыласа да, үлгі тұтпайды. Ал бизнесті барынша қолдайды.
17. Телефондарын қатты жақсы көрсе де, онымен сөйлескенді ұнатпайды.
Біле жүріңіз:
Тұлғаның нарцисстік құлдырауы дегеніміз – өзін өзгелерден артық сезініп, шамадан тыс өркөкіректену. Ондай адамдар қоршаған ортасымен тек жақсы қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді әрі айналасындағылар қызғанышпен қарайды деп ойлайды.
Миллениалдар дегеніміз – 1980-2000 жылдар аралығында дүниеге келген адамдар. Өздерін ата-анасы мен жасы үлкен адамдардан әлдеқайда ақылды сезінеді. Зерттеулер бойынша, 2020 жылға дейін қызмет орындары осы адамдарға тиесілі болады.
«Жаманнан туған жақсы бар – атасын айтса нанғысыз, жақсыдан туған жаман бар – бір асым етке алғысыз» емес, қыраннан туған қыран болып, ақылымызға бірлік қосқанға не жетсін?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: вк желісінен