Қиындыққа тап болған кезде оны ақылға салып жатпастан дұрыс шешімін бірден тапқан кезіңіз болды ма? Яғни ішкі даусыңызға сендіңіз бе? Олай болса түйсіктің күшін қалай пайдалануға болатынын бірге анықтайық.
Біздің түйсігіміз – білім мен түсінікке, өнімділік пен инновацияға жетелеп, шешім қабылдауға итермелейтін қысқа жол.
1. Өзгенің орнына өзіңізді қойыңыз. Біреу сізге жаңа сатып алынған техникаға шағым айтып хабарласса, өзіңізді тұтынушының орнына қойыңыз. Ол дәл қазір қандай сезімде? Болмысымызға жатты 100% сезіне білу – түйсікті дамыту.
2. Қорқынышты сезінуге мүмкіндік беріңіз. Сіз қорқуды ұнатпайсыз ғой? Бірақ көбіміз оныменен бірге өмір сүріп, дұшпанымыздан досымызға айналдырып жатамыз. Қорқыныш түйсікті тежейді. Оның қабілетін төмендетеді. Сондықтан өзіңізге қорқынышты сезінуге мүмкіндік беріңіз. Оның ешқандай бөлігіне қарсыласпаңыз.
3. Өзгелермен эмоционалдық деңгейде қарым-қатынаста болыңыз. Өзге адаммен бетпе-бет, онлайн, телефон арқылы сөйлескен кезде оның эмоциясын тануға тырысыңыз. Адамдарды жақсы түсінген сайын, түрлі ситуацияны да меңгеріп, түйсігіңіз жақсара түседі.
4. Ішкі талқылауды істен шығарыңыз. Іштей біреу туралы сын айтуды түйсікпен шатастырмаңыз. Ол бар болғаны негативті энергия. «Ол ақымақ», «Ол қыздың түрі онша емес», «Неткен семіз еді» сынды сөздерді айтқан кезде өзіңізді тоқтатып, бір сәтке не үшін бұлай айтып жатқаныңызды ойлаңыз. Егер позитивті ойлайтын болсаңыз, ішкі түйсігіңіз іске қосылып, дұрыс жауап табасыз.
5. Жалғыз болыңыз. Ең дұрыс тәсілі – медитация. Күніне жоқ дегенде өзіңізге өзіңіз серік боларлық жарты сағат табыңыз.
6. Көптік жалғаудың көмегімен сұрақ қойыңыз. Бұл, әдетте, интуитивті бодибилдинг деп аталады. Философия, әлеуметтану, әдебиет, медицина сынды ғылымдарға қатысты сұрақтар қойып, жауабын ізденуге талпыныңыз.
Кейбір адамдар түйсікті тәрбиелеу мүмкін емес деп ойлайды. Алайда олар қателеседі. Мүмкін емес дүние жоқ. Бар болғаны барлығы гипотезадан басталады. Олай болса, сізге іске сәт дейміз!
Ал сіз түйсігіңізге сенесіз бе?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: you.ru