Смайликтер мен керексіз сөздер, әзілдер мен сәнді суреттермен әрлеп жіберген түйіндеменің орны - қоқыс жәшігі.
Сондықтан да сіздерге түйіндеме жазуда мына ескертпелерді атап өткіміз келеді.
Грамматикалық қате жібермеңізОқыған азамат болсаңыз, сауаттылығыңызды танытып, түйіндеме жазғанда грамматикалық қателердің кетуіне жол бермеңіз.
Мекеменің атауынан қате жібермеңізЕгер сіз түйіндеме жіберген мекеменің атауын дұрыс жазбасаңыз, не мүлде атап өтпесеңіз, онда мұның артында жақсы жаңалықтың күтіп тұрмағаны. Есімімізді біреу қате айта қалса, ашуланып шығамыз ғой. Дәл сол секілді, білдей бір фирманың не компанияның атын қатемен жазсаңыз, сіздің сауаттылығыңыздың нөл болғаны.
СмайликтерСіз қаншалықты білімді, тәжірбиесі мол адам болсаңыз да, түйіндемеңізге смайликтерді жағаластырып салсаңыз, онда ойдағы жұмысыңызға тұру мүмкіндігіңіз кемиді.
Күлкілі суретСурет жіберу керек екен деп мұрағатыңызды ақтарасыз. Өзіңізге ұнайтын суретті жолдайсыз. Сізге ұнайтын сурет түйіндеме талабына сай болмауы мүмкін. Сізді жұмысқа қабылдайтындарға кафеде отырған достарыңызбен түскен суреттің еш керегі жоқ. Болмаса, суға түсу киімімен не іш киіммен түскен суретіңізді жіберуші болмаңыз. Ең дұрысы - 3х4 форматтағы сурет.
Сәндеу: гүлдің не жануарлардың суретіЕсіңізді жиыңыз! Сіз бала кездегідей анкета толтырып отырған жоқсыз ғой. Болмаса біреуді туған күнімен, не басқа да жеңісімен құттықтап ашық хат жазып отырсыз ба? Түйіндемені өзіңіз жақсы көретін аққудың суретімен не раушан гүлдің суретімен сәндемеңіз. Егер дизайнерлік біліміңіз артып бара жатса, ондай суреттерді басқа қағазға шығарып іліп қойыңыз. Тек түйіндемені былғамаңызшы.
Өтірік айту"Қандай тіл білесіз?" дегенге бар білетін тіліңізді тізіп шығатыныңыз не? Берілген сұрақтарға жалған жауап жазбауға тырысыңыз. Кейін жұмысқа алына қалсаңыз, бәрі алдыңыздан шығарын ұмытпаңыз. Қабылданып алып, шығарып жібергеннен, түйіндемеңіздің қоқысқа тасталғаны артық.
Шынайы жазылған түйіндемеңіздің жемісі мен жеңісін көріңіз!
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: techrepublic.com