- Негізгі бет
- Психология
- Түрлі-түсті мінез ...
Түрлі-түсті мінез
Адам мінезін қарапайым әдіспен де анықтауға болады. Мәселенің барлығы – көлігіңіздің түсінде.
Қызыл түс
Қызыл түстегі жүргізушілер жолда жүру ережелерін жиі бұзады. Мысалы, алда келе жатқан көлікті басып озу немесе жылдамдықты арттыру секілді ережелерден жиі аттап кетеді. Сіздер қызыл түсті көліктің жол беруін күте көрмеңіз. Ол жүргізушілер жолда алаңғасарлықты көп танытады. Екінші жағынан алатын болсақ, қызыл түс бостандық пен ержүректік, құмарлықты білдіреді.
Көк түс
Бұл түстегі көлік иелері жүрегінің таза, ашық болуымен танымал. Олар уайымшыл және қимыл іс–әрекеттері баяу. Жол үстінде сенімді және мәдениетті жүргізушілерді көргісі келеді. Ондай адамдар жинақы және шеттен тыс салмақты. Көлік алдында ережелерді бұзбай, көлікті сенімді түрде айдайды.
Қара түс
Бұл түстегі көлікті өзіне деген сенімі жоқ жүргізушілер таңдайды. Бақытты, қуанышты көрінгенімен, сырт көз алдамшы болады. Мұндай адамдар көп депрессияға ұшырайды. Басқа жағынан келетін болсақ, бұл кісілер қатал, тыныш, және де принципті. Жолда туындаған қандайда бір мәселелерді тез, әрі тыңғылықты шешеді.
Сары түс
Сары көліктің иелері көпшіл, өміріне қуанышпен қарайтын адамдар. Олар жолда пайда болған кез келген оқиғаларды оп-оңай, ешқандай қиындықсыз шешіп кетеді. Ол кісілер өнерге жақын болғандықтан, жолда жүру ережелеріне жасампаздық көзқараспен қарайды. Алайда ондай іс-әрекеттер өзге адамдарға ұнамауы мүмкін.
Сұр түс
Мәселеге байыппен, ақылмен қарайды. Ондай жүргізушілер өздеріне сұр немесе сұр тектес түстегі көлік түрін таңдайды. Сұр түс – түсінісу мен мәміле түсі. Мұндай адамдар жұрт алдында байқалмайды. Адамдармен ұрысқа түспей, кептелістерде шыдамдылық танытады.
Жасыл түс
Жасыл түстегі адамдар байсалды және сабырлы, әрі жайсаң мінезді. Жолда жүрген кезінде түрлі оқиғаларға тап болады. Алайда басқа көліктерден гөрі аз апаттарға ұшырайды.
Ақ түс
Меланхоликтер ақ түсті көліктерге отырады. Бұл кісілер тәрбиелі, сыпайы және сабырлы келеді. Жүргізуші ретінде өзін жолда сенімді ұстайды.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.dreamstime.com
Н. Нұрмаханұлы