Туған күнге қарап болашақты болжауға бола ма?

Әлбетте, ғылым әлемі адамның туған күніне қарап баланың болашағын жоруды қып қызыл өтірік деп санайды. Алайда 1970 жылы жүргізілген кейбір психологиялық зерттеулердің нәтижесі зодиак белгілерінде адамның мінез-құлқымен сәйкестік барын тапқан.

Кешірек ғалымдар қол жеткізген көрсеткішті саралап, оны өзін-өзі сендірумен тікелей қатысты деген қорытынды жасаған. Мысалы, егер бала кішкентай кезінен бастап өзін әділ, ақылды немесе қызығымпаз болып өсемін деп иландыратын болса, онда ол болашақта осы теорияға сәйкес ер жететін болады. Себебі зерттеулер өзінің зодиак белгісін білмейтін адамдардың мінез-құлқы берілген сипатқа сай келмейтінін анықтаған.

Мүмкін астрологтар кей жерде мүлт кетіп жататын болар, бірақ жұлдыз жорамалда да бір шындықтың бары ақиқат. Соңғы кездері көп жылдық сараптаманың нәтижесінде ғалымдар адам болашағын, шынымен де, туған күніне қарап жорамалдауға болады деумен келіскен.

Зерттеудің ең үздік көрсеткіші – мектеп үлгерімі. Оқу жылының аяғында дүниеге келген оқушылар оқу жылының басында туылғандардан гөрі әлдеқайда жақсы оқиды екен. Алайда, бұл қағида уақыты келе өзгереді. Бұдан бөлек көптеген түсіндірілуі қиын дәлелдер бар.

Мәселен, 1990 жылы Чикаго университетінің ғылыми қызметкері Леонид Гаврилов күзде туылған адамдардың өмір сүруі басқа жыл мезгілдерімен салыстырғанда ұзақ болатынын анықтаған. Кейін ғалым осы ашылуды дәлелдеу үшін біраз тер төгіп, күз айында туылған бүлдіршіндердің 40 пайызы 100 жыл жасауға жоғары мүмкіндікке ие екенін айшықтап береді. Қыста туған нәресте көз ауруларына сирек шалдыққан.


Мұндай тәжірибеге 10 000-нан астам адам қатысқан. Оксфорд университетің ғылыми қызметкері Среер Рамагопаланның зерттеуінде 60 000-нан астам ағылшындықтардың медициналық карталары толыққанды қаралып, нәтижесінде қыс, көктем мезгілдерінде дүниеге келгендер көбіне шизофрения, күйзеліс ауруларынан азап шегетіні белгілі болды. Ал басқа талаптарға келсек, қыста туғандардың алыс қашықтықтан көруі нашар және аллергиялық сырқаттарға бейім келеді екен.

Қорытындылайтын болсақ, зерттеулер адамның тағдырына сан алуан жан-жақты фактордың әсер ететінін көрсеткен. Сонымен қатар адамның туылған жыл мезгіліне сәйкес психикалық ауруларға төзімділігі мен бейімділін зерттеуге септігін тигізген.

Оқи отырыңыз:

Бақытты адамның қандай қасиеттері бар?

Ғалым: Қыздарға қызыл киімдегі жігіт жағады

Көпшілік алдында сөз сөйлеп үйренгісі келетіндер үшін

Ақпараттың есте сақталуын 400%-ға арттырғыңыз келе ме?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:rudaki.ru