Тоқты белгісінде туған адамдардың мінезі қандай?

Тоқты — шоқ жұлдыздар белгілерінің айналмағын және отты элементтер тобын ашатын белгі. Бұл белгіле 21 наурыз бен  20 сәуір аралығында дүниеге келгендер жатады. 

Олардың мінезі қандай?
Тоқты белгісімен туған адамдардың мінезі ауыр болып келеді. Олар қызуқанды, тез ашуланады және эмоцияға тез беріледі. Дегенмен, айтқанынан ешқашан қайтпайтынының арқасында биіктерді бағындырады.

Тоқтының күшті және әлсіз тұстары:
Тоқтылар мінезінің арқасында мақсатына берік. Оларды бірнәрсе шынымен қызықтырса, мақсатына жету үшін бәріне барады. Бірақ, қызығушылығы тез басылатынын да ескерген жөн.  

Тоқтылар әдетте көп нәрседен қорықпайды. Біреуге оңай мойынсұнбайды және біреудің қол астына жұмыс істеуі өте қиын. Ондай жағдайда олар мансаптық сатыға көтерілуге және қарапайым қызметкер болудан гөрі, ең болмағанда орта деңгейдегі басшы болуға бар күшін салады.

Белгі өкілдерінің әлсіз жақтарына олардың қыңырлығын, шыдамсыздығы мен ешкімді тыңдамайтын әдетін жатқызуға болады.  

Қарым-қатынас пен махаббат:
Тоқтылар қанша жерден қыңыр болса да, махаббатқа келгенде әлсіз. Олар сүйген адамы үшін бәріне баруға дайын. Овен табиғатының қарама-қайшылығы осы жерде де көрінеді. Өзін толықтай серігіне арнайтындықтан, өзге тараптан да соны күтеді. Талапшыл, сондықтан қарым-қатынас көп нәрсені сұрауы мүмкін. Тым қызғаншақ, қызуқанды болғандықтан жиі ұрыс-керіс болу қаупі бар.

Үйлесімділік:
Олар арыстан және мерген белгісінде туған адамдармен жақсы тіл табысады. Тауешкі және бикеш белгісіндегі адамдардан алыс жүргені абзал. Өйткені, олармен бір мәмілеге келуі қиын.