Тест: Ұрысқақсыз ба?

Ұрсысу – өз пікірін дәлелдей алмай жатқанда не өзіне керек жауапты таппағанда туындайтын кикілжіңнің бір түрі. Мұның бір жақсы, бір жаман жағы бар. Жақсысы кімнің-кім екенін көрсетсе, жаманы бір-біріңізге қатты сөз айтып, жүрек ауыртып аласыз. Ал мына тесттің көмегімен кімнің жүрегін ауырта аласыз, кімді тани алатындығыңызды білесіз. Бір жағдайдың 7 жауабы берілген, соның ішінен өзіңізге жақын 3 жауапты таңдап алыңыз.

І. Сүйіктіңіз сіздің қателігіңізге суық әрі қысқа жауап қатты. Сіздің әрекетіңіз?

1 Әзірге үнсіз тұрамын. Осыдан тағы бірнәрсе айтса, жаман болады
2 Оған мән бермей, басқа тірліктеріммен айналыса беремін
3 Түймедейді түйедей етемін
4 Үнсіз отырып, оның не дегенін, менің не дегенімді ойланамын
5 Көңілін көтеріп, ойын өзгертуге тырысамын
6 Бұрылып, есікті тарс жауып кетіп қаламын
7 Соғыс ашып, қарым-қатынасымызды үземін

ІІ. Сіздің көлігіңіз бар делік. Бір күні көлігіңізді тұраққа қойып жатқанда, көрші көліктің иесі сізге бұл жерге тұрмауын сұрайды. Сіздің реакцияңыз:

1 Көлікті құлыптап, өз жөніммен кете беремін
2 Көлігімді қалай қоятынымды өзім білемін
3 Өзі кетіп қалатындай етіп ұрсысамын
4 Арыз-шағымды қабылдайтын жерді нұсқап, кете барамын
5 Көлігімді бүлдіріп кетер, басқа жерге қоямын
6 Егер оған кедергі келтірсем, басқа жерге барып тұрақтасын. Маған осы жер ұнап тұр
7 Екеуміз де сыйып тұрмыз ғой. Бірақ менікі дұрыс болмады

ІІІ. Жұмысқа жаңа көйлек киіп келдіңіз. Бірақ әріптестеріңіз сізді сынға алды. Сіздің әрекетіңіз:

1 Күліп жүре беремін
2 Көйлектің ұнағаны соншалық – жараспай тұрғанына мән бермеппін
3 Әріптесімнің талғамы нашар екенін бетіне басамын
4 Менің талғамым ол – менің талғамым!
5 Сырттай білдірмеймін де, тыныш бөлмеге барып жылаймын
6 Жақсы нәрселер ойлауға тырысамын
7 Келесі жолы киім таңдауға бірге шығармыз деймін

IV. Үнемі құрбыңды күтіп тұруға тура келеді. Себебі кешігіп жүреді. Сіздің әрекетіңіз:

1 Шыдамның шегі барын түсіндіріп қоямын
2 Мұның дұрыс еместігін айтамын
3 Мен де ол шақырғанда кешігіп баратын боламын
4 Тағы сынап көремін, сонда кешіксе, жағасынан аламын
5 Қарым-қатынасымызды үземіз деймін. Мені сыйламайды ғой
6 Көңіл аудармаймын: мен де пендемін
7 Бәрін бетіне айтып, кетіп қаламын

V. Сүйіктіңізге телефоныңызды жөндеп беруін сұрап жүргеніңізге бүгін үшінші күн. Бірақ оның қолы босамай жүр. Не істейсіз?

1 Маған көңіл бөлмейсің деп ұрысып, құрбыма кетіп қаламын
2 Жылаймын. Көз жасыма себепші болған – маған бөлінбеген көңіл мен бұзылған телефон
3 Өзі түсінгенге дейін сөйлеспей қоямын
4 Серуендеуге шықпаймын, шақырған жеріне бармаймын. Сол керек өзіне!
5 Есіне салып, ұмытшақтың кесірі ме, әлде басқаның әсері ме екенін сұраймын
6 Қолы босай қалса, алдына телефонымды қойып, бетіне жай ғана күле қараймын
7 Қолы босағанда жасап бере салады

VI. Әріптесіңіз сізді басшылықтың алдында ұятқа қалдырды. Сіздің әрекетіңіз:

1 Жұмыстан өз еркіммен шығамын, сатқындармен бір жерде отыра алмаймын
2 Сыйға – сый!
3 Әріптесіме ішімдегінің бәрін айтып, ұрысамын
4 Мен оған сонша не жаздым екен?
5 Оған бұдан кейін кешірімнің болмайтынын ескертемін
6 Араласпай кетемін, өмір ғой бұл!
7 Өзіне ештеңе білдіртпеймін, бірақ ішімнен тынып жүремін

VII. Құрбыңызбен телефонмен сөйлесіп отырсыз. «Хабарыңды күтемін» деген сүйіктіңіз күте-күте шаршап ұйықтап қалған. Таңертең сөздің астына алды. Сіздің реакцияңыз:

1 Ол – менің құрбым. Онымен сөйлесуге ешкім кедергі бола алмайды
2 Менікі шынымен дұрыс болмады, кешірім сұраймын
3 Ол да достарымен сөйлескенде, көз ілмей күткенімді есіне саламын
4 Көңіл-күйімді түсірмеуін сұраймын
5 Достардың өміріміздегі орнын анықтаймыз
6 Қателігімді жуып-шаямын
7 Құрбым айтқан қызықты жаңалықтарды айтып беремін, тек сөйлемесе болды

VIII. Ата-анаңызға «мерекені бірге қарсы аламыз» деп уәде бердіңіз. Бірақ жағдай өзгеріп, достарыңызбен кетіп қалдыңыз. Туыстарыңыз ренжіп жатыр. Сіздің әрекетіңіз:

1 «Сіздер бәрін түсінесіздер ғой!» деп реніштерін басамын
2 Неге маған ұрсады? Ренжіп отырып аламын
3 Мен де оларға ұрысамын. Кіммен қалай қарсы алатынымды өзім білемін ғой
4 Достарымның көңілін қалдырғым келмегенін айтамын
5 Ескі дәстүр мен бір-бірінің жаңалықтарын тыңдағым келмейді. Сол үшін бармадым
6 Әлі талай мейрамның барын айтып, бәріне сыйлық әперемін. Менікі дұрыс болмады
7 Кешірім сұраймын

IX. Құрбыңыз әдемі отырыста сіздің сырыңызды ашып қойды. Сіздің реакцияңыз:

1 Мен де оның құпиясын ашамын
2 Отырыстан шығып кетемін
3 Достарым онымен сөйлеспейтіндей етемін
4 Жылаймын да кешіремін. Біз – достармыз ғой
5 Ештеңе айтпаймын, бірақ есімде жүреді
6 Мені көре алмай ма? Аянышты
7 «Бұл құпия өтірік болатын. Оның адалдығын тексеру үшін айтылған бос сөз» деймін.

X. Сүйіктіңіз көзіңізге шөп салып жүргенін біліп қойдыңыз. Сіздің әрекетіңіз:

1 Себебін сұраймын. Сыйға сыйдың болатындығын ескертемін
2 Сенімнен айрылған соң, сезімге де нүкте қоямын
3 Анық-қанығын білемін де, ұрыс шығарамын
4 Ештеңе білдірмеймін, құрбыма барып жылаймын
5 Мен де періште емеспін
6 Біз бәрібір бірге боламыз
7 Білгенімді білдіртпей, соңын күтемін

XI. Көңіл-күйіңіз жоқ, ойлаған жоспарыңыз жүзеге аспай жатыр. Сіздің әрекетіңіз:

1 Спортпен айналысып, душ қабылдаймын
2 Тазы ашуын тырнадан алады. Айналадағыларға тиісемін
3 Тыныштандырғыш ішемін
4 Ешкімнің мазамауын сұрап, бұл сұмдық біткенге дейін ұйқыға кетемін
5 Себебін анықтап, күресемін
6 Көңіл-күйімді көтеруге тырасамын
7 Достарымның көмегіне жүгінемін

XII. Дүкенде бейтаныс тұтынушы  арбасымен сізді қағып кетті. Ол сізге «сұлу сымақ» деп бастап ұрыса жөнелді. Мен ...

1 Мен де қарап тұрмаймын
2 Кешірім сұраймын, бірақ өзінің мені басып кеткенін ескертемін
3 Қобалжимын да жүгіріп кетіп қаламын
4 Оны да, сөзін де елемей өз жөніммен кете беремін
5 Сұлу екенім рас
6 «Алаңдамаңыз, менің еш  жерім ауырған жоқ!» деп күліпдеп жүре беремін
7 Арбамен өзін басып кетемін

Таңдалған үш жауапты мына кесте бойынша сәйкестендіріңіз. Қай әріп көп таңдалса, сол әріпке тиісті жауапты оқыңыз.

A

Ә

Б

В

Г

I

3

7;6

1

4

2;5

II

3;4

5

1

7

2;6

III

3

4

5

2

1;6

IV

3;7

4

5

1;2

6

V

5

1;4

3;7

2

6

VI

4

1;3

2;7

5

6

VII

1

3

4

2;5

6;7

VIII

1;5

3

2;6

7

4

IX

1;4

2

5

6

3;7

X

3

2;6

4;7

5

1

XI

2

4

3;7

5

1;6

XII

1;7

3

4;5

2

6

А жауабы көп
Ұрыс кезінде өзге түгілі өз-өзіңізді де тыңдамайсыз, өткен оқиғаларды еске алып, қазбалайсыз. Сөзді аяғына дейін тыңдай алмай, шыдамсыздық танытасыз. Сіздің ашуыңыз көтерілген кезде кеңістік, уақыт, қоршаған орта, адамдар әсер етпейді. Соңын ойламай, ішіңіздегіні ақтарып тастайсыз. «Айттым мен саған!», «бәріне сен (өзің) кінәлісің» деген сөздерден тыйылу керек. Барлық мәселені сабырлықпен жеңуге, өзгені тыңдауға үйрену керек.

Ә жауабы көп
Соңына дейін шыдамды боласыз, бірақ соңында ақтарыласыз. Қатты сөздер айтып, бармақ тістеп қалатын жайттар аз болмады. Сөзге бір рет келген адам сізге жау көрінеді. Кикілжіңнен шығудың бір жолы – қарсы келген адаммен сөйлеспей кету. Өзгені емес, өзіңізді түзеуге тырысу керек. Ұрыстың ешкімге ұнамайтыны белгілі. Әр сөздің соңын ойлап сөйлеуді үйрену керек.

Б жауабы көп
Сізге біреу қарсы сөйлесе, жылап жібересіз. Ішіңіздегіні айта алмай, булығып, ашуланасыз. Көз жасыңызды сүртіп, сізді құшақтағанын қалайсыз. Жылап отырып, сыр ақтарып, қателік сізден болса, кешірім сұрап, болмаса, жылап жүріп «ұрсысасыз». Ашуға ерік бермеңіз, көз жасыңызды босқа төкпеңіз. Ақылға жеңдіріңіз, бұл әдет қазір тыйылмаса, есейгенде тым кеш болады.

В жауабы көп
Сіз өз қателігіңізді өзіңіз білесіз және тез мойындайсыз. Ата-анаңыздың қатал тәрбиесі ме, әлде бойыңыздағы жасықтық па, әйтеуір ұрыстан қашасыз. Ұрыстың астында қалған адамға да көмектескіңіз кеп тұрады. Барлық адамды тез кешіре саласыз. Сенімнен шықпаған дос, ашулы дәрігер, алдаған махаббат, т.б. Бірақ, үнемі «жақсы» адам болу да зиян. Аңғалдықтан арылу керек.

Г жауабы көп
Ұрысудың «шебері». Тыныш жүріп-ақ ұрыса алатын жансыз. Алдыңыздағы ашулы адамның сөзін мұқият тыңдайсыз, бірақ сіздің тараптан ешқандай жауап естілмейді. Оның сабырға келуін күтесіз. Бұл білгенге жақсы қасиет. Ашуға булыққан адамды тез тыныштандырасыз. Себебі ұрысты қалжыңмен жеңесіз. Бірақ «қытығыңызға тисе» күлкіге жеткізбейсіз.