Тест: Ұрсысуды жақсы көресіз бе?

Тест: Ұрсысуды жақсы көресіз бе?
Фото: Даулет Бейсенбеков

Іштей бақытсыз адам өзгелерге жағымсыз әсер сыйлап, айналасындағыларға орынсыз сын айтады. Үнемі ұрысып жүреді. Алайда мұндай жағымсыз қылық танытуының өз себебі де бар. Ол себеп әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының төмен болуымен, отбасындағы қиындықтарымен байланысты болуы мүмкін. Алайда әрдайым барлығын түзетуге болатынын біліңіз. Әзірге төмендегі тестінің көмегімен өзіңіздің қандай адам екеніңізді анықтауыңызға болады.

1. Қоғамдық көлікте немесе базарда тұрған адамдар сөз таластырып жатыр. Сіз:

а) араласпаймын – 4

ә) араласып, әділдікті талап етемін – 2

б) өз ойымның дұрыстығын дәлелдеу үшін барлығын жасаймын – 0

2. Бір жиналыста отырсыз делік. Сіз:

а) ешнәрсе ұсынбаймын және ешуақытта сын айтпаймын - 4

ә) қажет болған кезде баяндама оқимын – 2

б) үнемі сын айтып, баяндама оқимын – 0

3. Бастығыңыз сізге ұнамайтын ұсыныс айтты. Сіз:

а) ұсынысымды өзгелер қолдайтынын білген кезде ғана айтамын – 4

ә) қандай жағдай болмасын өз пікірімнің дұрыстығын дәлелдеймін – 2

б) бұдан кейін бастықтың өзіме қырың қарап жүретінін білгендіктен, қарсыласпаймын - 0

4. Сөз таластырғанды ұнатасыз ба?

а) тек жақын достарыммен ғана сөз таластырамын – 4

ә) онша ұнатпаймын, бірақ қажет болса, өз пікірімнің дұрыстығын дәлелдеуге дайынмын – 2

б) сөз таластыру десе жаным кіреді – 0

5. Біреудің кезектен тыс өтіп бара жатқанын көрсеңіз не істейсіз?

а) кезекті бұзушыны шетке итеріп, алдыға қарай өтемін – 4

ә) ашуымды көрсетпеуге тырысамын – 2

б) оған жұдырық ала жүгіремін – 0

6. Біреудің тағдыры сіздің қолыңызда болса не істейсіз? (Әріптесіңіз бастыққа жобасын ұсынып жатыр)

а) барынша әділетті болуға тырысамын – 4

ә) тек жақсы тұстарын атап өтіп, қолдай түсемін – 2

б) келесі жолы ұсынбасын деген оймен кем-кетік тұстарын ғана айтып өтемін – 0

7. Құрбыңыз сізді үнемі ақшаны көп құртатындығыңыз үшін ұрсады. Мұнымен қатар, өзі сіздің ақшаңызға ортақтасады. Өзіне қажетсіз заттар сатып алып, сіздің пікіріңізді сұрайды. Сіз:

а) ол үшін шын жүректен қуанамын – 4

ә) оның дұрыс жасамағандығын бетіне басамын – 2

б) сөз таластырудан шаршамаймын – 0

8. Он жастағы бала сізден темекі сұрады. Сіз қандай жауап қайтарасыз?

а) қалтамда болса беремін, мен оларды тәрбиелеуге міндетті емеспін – 4

ә) «бұл не деген көргенсіздік» сынды қатты сөздер айтамын – 2

б) көретін көз болса, оның «әкесін танытар едім» - 0

9. Сатушы сіздің ақшаңызды жеді. Сіз:

а) «не деген көргенсіздер» деп ұрысып, есікті тарс еткізіп жауып кетемін – 4

ә) одан қайталап есептеуді талап етемін – 2

б) жанжалдасып, жұдырық жұмсауға дейін барамын - 0

10. Қонақ үй әкімшілігі өз міндетін толық орындамаса, не істейсіз?

а) менің пікірім көп нәрсені өзгерте қоймайтынына сенімді болғандықтан, үндемеймін – 4

ә) билік басында отырған таныстарыма хабарласып, шағымданамын – 2

б) бар ашуымды даяшылардан аламын – 0

11. Баламен салғыласып, артынша өзіңіздің қателескеніңізді білесіз. Осы кезде қандай әрекет жасайсыз?

а) оған қателескенімді білдірмеймін, керісінше өз пікірімді дәлелдей түсемін – 4

ә) қателескенімді мойындаймын – 2

б) балалардың алдында беделім түспесін деген оймен ешуақытта қателескенімді мойындамаймын – 0

Жауабы:

30-40 ұпай. Адамдармен қалай тіл табысу керектігін білесіз. Жанжалды болдырмауға тырысасыз. Өкінішке орай, керек кезде сыни пікір айта алмайсыз. Сізге өз пікіріңізді айтып үйрену қажет сияқты.

15-29 ұпай. Кейде жанжал шығаратын әдетіңіз бар. Осы мінезіңізге қарамастан, өз ортаңызда сыйлы азаматсыз.

14 ұпай. «Түйедейді түймейдей етіп, үнемі жанжал шығарып жүресіз. Адамдардың жақсылығын тез ұмытасыз. Сөзіңіздің қате екенін білсеңіз де, оны дәлелдеуді жөн көресіз. Айналаңыздағылардың өзіңізді «көкбет» деп атайтыны ұнамайды. Өзіңізді өзгелерден төмен санайтындықтан осылай жасайсыз. Бұл туралы ойланғаныңыз жөн болар.

Қ. Бүйенбай